20.06.2008, 11:28 2595

Астана әкімдігі келесі жылдың аяғына дейін үлескерлер проблемасын толық шешуге уәде береді

Астана әкімдігі келесі жылдың аяғына дейін үлескерлер проблемасын толық шешуге уәде береді

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімдігі келесі жылдың аяғына дейін үлескерлер проблемасын толық шешуге уәде береді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов үкіметтің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қажетті қаржы дер кезінде бөлінген жағдайда, меніңше, біз ағымдағы және келесі жылы бұл проблеманы шеше аламыз", - деді ол. Икім Астанадағы аяқталмай қалған нысандардың құрылысын салып бітіруге үкімет 17 млрд теңге бөлетінін еске салды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы аяқталмай қалған нысандардың құрылысын салып бітіруге үкімет 17 млрд теңге бөледі. Бұл туралы кеше "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлім етті.

"Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте шешім қабылданды. Біз енді проблемалы құрылыс нысандарын қайта құрылымдаймыз", -деді вице-премьер.

"Астанада мұндай 23 нысан бар, бұл нысандарға 5 мыңға жуық үлескер қаржы салған", - деді ол.

"23 нысанның бесеуін жеке меншік инвесторлар өз мойындарына жүктеп алып, құрылысты өз бетімен аяқтайды, ал қалған 18 нысанның үлескерлері 10 үйге көшіріледі. Сөйтіп, әзірге 8 нысан аяқталмай қалады да, 10 үй бюджет қаржысы есебінен салынады. Оған 17 млрд теңге қажет", - деді Ө. Шүкеев.

"Мемлекет басшысы осындай саяси тапсырма берді, 5 мың үлескерді құтқару үшін біз осыған баруымыз керек", -деді вице-премьер.

Ол сонымен бірге "берілген ақша- тарту емес екенін, оны қайтару керек екенін" атап өтті. "Икімдік арнайы мемлекеттік компания құрады, ол бөлінген ақшаның қамтамасыздығына деп қиындықта қалған құрылыс компанияларының барлық мүлкін тәркілеп, әріқарай оларды қайтарумен айналысады", - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, аталған механизм Алматыдағы үлескерлердің проблемасын шешу үшін де қолданылады, онда 9 проблемалы нысан бар. "Бірақ онда үйлердің басым бөлігі жергілікті бюджеттің есебінен салынып бітеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны