09.02.2012, 11:15 3171

Астана әкімі арнайы тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудың мән-жайын баяндады

"Бізде құрылыс бірнеше кестемен жүріп жатыр. Қалада 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға негізделген екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Бірінші мемлекеттік бағдарламаға тоқталатын болсақ, оның құрылысы құрылысшылардың немқұрайлылығынан созылып кетті. Қазіргі кезде олар сотталды. Құрылыс мәселесін шешу үшін қалаға қосымша бюджеттік және бюджеттік емес қаржы көздерін тартуға тура келді.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Астана әкімі арнайы тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудың мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today а
генттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін қала жұртшылығымен есеп беру кездесуінде елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға негізделген мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудың мән-жайын айтып берген.

"Бізде құрылыс бірнеше кестемен жүріп жатыр. Қалада 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға негізделген екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Бірінші мемлекеттік бағдарламаға тоқталатын болсақ, оның құрылысы құрылысшылардың немқұрайлылығынан созылып кетті. Қазіргі кезде олар сотталды. Құрылыс мәселесін шешу үшін қалаға қосымша бюджеттік және бюджеттік емес қаржы көздерін тартуға тура келді.

Сонымен қатар, осы мәселе тұрғысындағы ұзақ соттық үдерістер жұмысқа кірісуге кедергі жасады. Енді екі нысанды ғана тапсыру қалды. Оларды біз биылдың бірінші тоқсанында пайдалануға бермекпіз" - деді әкім.

Екінші мемлекеттік бағдарламаға тоқталған қала басшысы, оның аясында жалпы ауданы 390 мың шаршы метр көлемімен 8 116 пәтер салынып жатқандығын жеткізді. "2011 жылы 156 мың шаршы метрдің 3 192 пәтері пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 243 мың шаршы мерді құрайтын 4 974 пәтерді тапсыру қалды. Бұл пәтерлер биылдың шілдесінде пайдалануға беріледі", - деді И. Тасмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны