15.02.2008, 16:44 2741

Астана әкімі елордадағы барлық проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауға уәде берді

Астана әкімі елордадағы барлық проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауға уәде берді

Астана. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімі Асқар Мамин елордадағы барлық проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауға уәде берді. Бұл туралы ол бүгін халықпен есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қалада халықтардың үлес қосуымен салынып жатқан барлығы 220-дан астам тұрғын үй нысандары бар, олардың 120-сының құрылысы мемлекеттік несиелер тартумен аяқталады, 81 нысан аяқталуға жақын, сондықтан да құрылыс салушылар қаржылай көмекті қажет етпейді",- деді А. Мамин.

Осыған байланысты ол, үкімет Астанада құрылыс секторын қолдау жөніндегі "пилотты" жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдағандығын еске сала кетті.

"Бірінші кезең аясында 37 885 пәтерді қамтитын және де 22 263 үлескер тартылған 112 тұрғын үй кешені таңдап алынған, республикалық бюджеттен несие тарта отырып, "Қазына" ТДҚ АҚ қатысуымен екінші деңгейлі банктермен жасалған келісім-шарттар бойынша құрылыс салушалырға арналған несиелеу жөніндегі механизм әзірленген",- деп қосты әкім.

"Пилоттық" жобаға қосылмай қалған басқа да проблемалы үлестік тұрғын үй нысандары бойынша біз сотқа талап ету құқығын басқа инвесторларға беру туралы шағым беріп, тұрғын үй - құрылыс кооперативін құру және жаңа құрылыс компанияларын тарту бастамасын көтеріп, жұмыс істеуді одан әрі жалғастырамыз",- деді қала басшысы.

"Біздің мұндай нысандармен жұмыс істеуде тәжірибеміз бар, естеріңізде болса, 2007 жылдың басында біз 21 проблемалы нысанмен жұмыс істеп, соның нәтижесінде 11 нысанға жаңа инвесторлар тартылған болатын",- деп атап көрсетті ол.

"Мансард құрылысының проблемалы нысандарына қатысты мәселелер де шешілуде, 56 нысанның 15-ін аяқтау қажет, оларға қатысты мердігерлер анықталған, құрылыс үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында аяқталатын болады",- деп қосты А. Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны