22.02.2007, 18:20 3135

Астана әкімі сауда базарларына нақты санат беру жүйесін әзірлеп, енгізуді ұсынады

АСТАНА. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Астана әкімі сауда базарларына нақты санат беру жүйесін әзірлеп, енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры Мәлика Нығматулина кәсіпкерлермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнге дейін базарлардың санатын анықтау, яғни олардың ұсынып отырған қызметтерінің сапасын бағалау мүмкін болмай отыр, өйткені, мұндай параметрлер мен критерийлер мүлдем жоқ. Сол себепті кәсіпкерлер көбінесе базарды дамытуға қаржы салмайды. Себебі, шығындары төмен болсын, жоғары болсын, олардың төлейтін салық деңгейі бірдей",- деді Мәлика Нығматулина.

Осыған байланысты, оның сөздеріне сүйенсек, Астана қаласының кәсіпкерлер мен өнеркәсіп департаменті Республикалық базарлар ассоциациясымен бірлесе отырып қаржы министрлігіне, сонымен қатар экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "базарларға санат беру мәселесін қарастыру туралы" ұсыныс жасады. "Оларға мысалы қонақ үйлер өз деңгейлері бойынша бөлінетіндігі сияқты деңгейлеріне сәйкес нақты критерийлер енгізу жайында сөз болып отыр", -деді әкімшілік өкілі.

Мәлика Нығматулинаның сөздеріне сүйенсек, мұндай жүйені енгізу жөніндегі ұсыныстар қатарында жоғары санаттағы базарлар үшін жер салығын азайту да ұсынылған. "Жер салығы жергілікті салық болып табылады, ол әкімшіліктің ұсынысы мен мәслихаттың бекітуі бойынша түзетуге жатады, сондықтан да біз жоғары сапалы қызмет ұсынған кәсіпкерге түсетін салық ауыртпалығын төмендету мүмкіндігі бар деп санаймыз",- деп түсіндірді Мәлика Нығматулина. "Егер осы ұсыныс тиісті министрліктерден қолдау тапса, онда, менің пікірімше, бұл кәсіпкерлер үшін қосымша ынталандыру болады",- деп санайды департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны