15.01.2007, 15:39 2897

Астана әкімінің орынбасары екінші деңгейлі банктердің Астанадағы бөлімдеріндегі банкоматтардың жұмысы қанағаттанарлық емес деп санайды

АСТАНА. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Астана әкімінің орынбасары Сансызбай Есілов екінші деңгейлі банктердің Астанадағы бөлімдеріндегі банкоматтардың жұмысы қанағаттанарлық емес деп санайды. Бұл туралы ол әкімшілікте бүгін өткен аппараттық кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Икімшілікте қала тұрғындарының банкоматтардың істен шығуына, ақшаның жетіспеушілігіне және кезектің көп күттіретіндігіне байланысты шағымданған арыздары шаш-етектен",- деді С. Есілов. Оның сөзіне сүйенсек, осыған байланысты әкімшілік өткен аптада банкоматтар жұмысына рейдтік тексеруді ұйымдастырған. Тексеру барысында қалалықтардың наразылығы расталды.

"Пушкин көшесінің бойында орналасқан Халыққа қызмет ету орталығының ғимаратындағы Ұлттық банктің банкоматы апта бойы істемейді. 11-қаңтар күнгі ахуал бойынша Республика даңғылының бойында орналасқан осы банктің үш банкоматының екеуі ғана істеп тұрған. Сонымен қатар, Ұлттық банктің орталық филиалындағы банкомат орналасқан алаңның тарлығынан оған тұтынушылар сыймайды, соның салдарынна көшеде ұзын кезекке тұрады. Адамдар қақаған суықта да өз ақшаларын алу үшін кезекте сарылады",- деп әкімнің орынбасары бірқатар мысалдар келтірді.

С. Есілов "жалпы қала бойынша қаланың орталығында да, қала шетіндегі ықшамаудандарда да банкоматтардың жетіспеушілігі байқалатындығын" атап өтті. "Банк басшыларына аталмыш мәселені қарауды және осы проблеманы жақын арада шешу үшін банкоматтарды жеткілікті мөлшерде орнатуға қатысты шаралар қолдауды тапсыру қажет деп санаймын",- деді әкімнің орынбасары. Ол осы мәселені "Астана аумағында орналасқан банктің барлық филиалдарының басшыларын шақырып, осы аптада" қарауға ұсыныс жасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны