31.10.2006, 16:26 6136

Астана әкімшілігі базарларды қала аумағынан тысқары шығаруды жоспарлап отыр

АСТАНА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Астана әкімшілігі базарларды қала аумағынан тысқары шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астана әкімі Асқар Мамин Елордасының жаңа орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Елордасына таяу жердегі ірі қалалар мен әуежайдың бағытында қаладан шығатын магистральдар салу жоспарына сәйкес біз бірқатар қосымша шараларды жоспарлап отырмыз",- деді А.Мамин. Мәселен, Қарағанды бағытында "қазіргі заманғы ірі сауда орталықтарын, көлік-логистикалық орталықтар мен көтерме және бөлшек сауда базарларын қала аумағынан тысқары салу көзделген".

Бұл мақсатта жалпы аумағы 90 гектар жерге тиісті коммуникациялар мен инженерлік желілерді тарту қажет.

Көкшетау және Павлодар бағытындағы Софиевка тас жолының бойында құрылыс материалдарының қазіргі заманғы базарын, ал "Северный объезд" айналма жолында автокөлік базарын салу межеленген.

Ал Қостанай қаласының бағытында сауда кешендерін, ал Тілендиев даңғылының бойында автокөліктер сататын орталықтар ашу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны