08.10.2007, 13:47 2721

Астана әкімшілігі мен кәсіпкерлер нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды - әкімнің орынбасары

Астана әкімшілігі мен кәсіпкерлер нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды - әкімнің орынбасары

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімшілігі мен ірі нан өндірушілер нан бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды. Астана әкімнің орынбасары Болат Смағұловтың пайымдауынша, бүгінде нан бағасын тұрақтандыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы ол дүйсенбіде негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру нәтижесі жөніндегі отырыс барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қала әкімшілігі төртінші қазанда барлық ірі нан өндірушілермен (17-ге жуық кәсіпорын) бірлесе отырып, нан бағасын тұрақтандыру және оның көтерілмеуі мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды",- деп хабарлады дүйсенбіде өткен отырыста астана әкімінің орынбасары Болат Смағұлов.

Сонымен қатар, оның хабарлауынша, қала аудандарының әкімдерімен бірлесе отырып сауда орындары бойынша мониторинг басталаған. Бүгінде нан өнімдерін сатумен айналысатын 603 сауда орнының 100-ге жуығына тексеру жүргізілген. "Бірінші сұрыпты бөлке нанның бағасы 55-60 теңге аралығында ауытқып отыр",- деп хабарлады Б. Смағұлов. Ол, бұл сомаға нанды сауда орнына дейін тасымалдау (шамамен 7 - 8 теңге), сонымен қатар орау (3 теңге) шығыны кіріп отырғандығын нақтылап өтті. Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, Астананың бірқатар ірі сауда орталықтарында нан бағасы 60 теңгеден асып жығылады. Мониторинг нәтижесі бойынша, "Цесна-астық" корпорациясының нанды сату бағасы 48 теңгені және тасымалдаумен 60 теңгені құрап отыр, ал "Астана Нан" ЖШС - тасымалдаудан тыс 60 теңгені және де "Татым" ЖШС сату бағасы 50 теңгені құрап отыр.

"Кейбір сауда кәсіпорындары бөлшектеп сатуда бағаны өсіріп отырғандығы көрініп отыр",- деді Астана әкімі Асқар Мамин. Ол сондай-ақ, нан бағасының 55 теңгеден қымбат емес деңгейде сақталуға тиіс екендігін атап көрсетті.

Бүгін нан және нан өнімдерін өндіретін сауда іс-қызметі субъектілерінің қатысуымен облыстық жиналыс өтеді, онда нан бағасына қатысты мәселелер талқыланады, деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны