25.06.2014, 22:20 3726

"Астана арманымның қаласы" тақырыбындағы әңгімелер қала туралы жинаққа енеді

Қала тұрғындарының жекелеген хикаялары "Астана, мен сені сүйемін" қанатқақты атауымен кітап түрінде жарық көреді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Елорда күні қарсаңында "Үлкен қала хикаялары" ай сайынғы думаны шеңберінде астаналықтар "Астана - арманымның қаласы" тақырыбындағы әңгімелерін ортаға салады.

Қала тұрғындарының жекелеген хикаялары "Астана, мен сені сүйемін" қанатқақты атауымен кітап түрінде жарық көреді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Шоу ұйымдастырушысы, шешендік өнердің нағыз шебері Меруерт Жүнісбектің айтуынша, думанда айтылған әңгімелерден кітап - "Париж, мен сені сүйемін", "Нью-йорк, мен сені сүйемін" және т.б. киноальманахтар сияқты сценарий жазатын кез келді

"Үлкен қала хикаялары" думанында айтылған әңгімелердің әрқайсысы жеке фильмнің сценариіне негіз болуға лайық. Бірі комедия, бірі трагедия, дегенмен, бұл оқиғалардың барлығы отандастарымыздың басынан өткен. Сондықтан осы сияқты әңгімелер жинағын шығаруға неге атсалыспасқа? Бұл астаналықтардың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын, өйткені оның ішінен жақын және таныс адамдарды кездестіруге болады", - дейді Меруерт Жүнісбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны