18.03.2013, 18:02 3299

Астана әуежайына бір жыл бойы қаңтарылған көліктерден ақы алуға рұқсат етілді

"Иуежай басшылығы аталған қызмет түрін заңдастыру туралы өтініш берді. Біз бір жылға рұқсат бердік. Бірақ тарифті қымбаттатпау туралы талап қойылды", - деп дүйсенбі күні мәжілісте өткен "үкімет сағатында" Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Астана. 18-наурыз. Kazakhstan Today - "Астана халықаралық әуежайы" АҚ уәкілетті органмен әуежай автотұрағын ақылы ету туралы келісімге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Иуежай басшылығы аталған қызмет түрін заңдастыру туралы өтініш берді. Біз бір жылға рұқсат бердік. Бірақ тарифті қымбаттатпау туралы талап қойылды", - деп дүйсенбі күні мәжілісте өткен "үкімет сағатында" Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

Оның айтуынша, "әуе қызметі табиғи монополияға жатады, ал автотұрақ өзге қызмет түрлеріне кіреді".

"Олар міндетті түрде біздің агенттікпен келісуі тиіс болатын. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды", - деп атап өтті М.Оспанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны