07.09.2015, 15:42 4095

Астана әуежайында ер адам полиция қызметкерін балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімініӊ қосымша тергеу тобыныӊ қызметкерлері бірыӊғай сотқа дейінгі тергеу тізілімі материалдарын тексеру барысында мас күйде полиция қызметкерін балағаттаған ер азаматты ұстады.

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімініӊ қосымша тергеу тобыныӊ қызметкерлері бірыӊғай сотқа дейінгі тергеу тізілімі материалдарын тексеру барысында мас күйде полиция қызметкерін балағаттаған ер азаматты ұстады. Ол 38 жастағы Астана қаласыныӊ тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иуежай ғимаратында ұсталған азамат орташа алкогольдік масаӊ күйде өзін агрессивті ұстап, былапыт сөздермен қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін балағаттаған.

Қазір аталған азамат Астана қалалық ауданаралық әкімшілік соттыӊ шешімімен ҚР ИҚБтК 434 бабы 2 тармағы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 10 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны