09.11.2012, 13:58 3276

Астана әуежайында радиацияны анықтауға арналған жүйесі орнатылды

"Бұл ресейлік өндірісте шығарылған жүйе, ол кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте кеңінен қолданылуда. Ол нормадан асатын кез-келген радиацияны сезіп қояды", деді жұмада жабдықты пайдалануға беру рәсімі кезінде республика қаржы министрлігінің кеден бақылауы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - Астанада халықаралық әуежайда радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл ресейлік өндірісте шығарылған жүйе, ол кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте кеңінен қолданылуда. Ол нормадан асатын кез-келген радиацияны сезіп қояды", деді жұмада жабдықты пайдалануға беру рәсімі кезінде республика қаржы министрлігінің кеден бақылауы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.

Құралдарды Қазақстанда "Қорғаудың екінші линиясы" халықаралық бағдарламасы аясында ядролық материалдардың заңсыз тасымалдануының алдын-алу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындау шеңберінде АҚШ, Норвегия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия елшіліктері тегін орнатып берген.

АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Кеннет Фэйрфакстің хабарлауынша, бұл Қазақстанда осындай жабдық орнатылған 24-ші кеден бекеті екен.

Астаналық кеден бақылауы департаментінің баспасөз қызметінен берілген ақпаратқа қарағанда, Астана әуежайында радиоактивті материалдарды табу үшін мониторлар қазақстандық және америкалық сарапшылар дайындаған стандарттарға сай орнатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны