27.07.2015, 16:38 3649

Астана әуежайыныӊ қызметкерлері Головкинмен орын алған жайтқа байланысты тәртіптік жазаға тартылды

Астана халықаралық әуежайыныӊ маркетинг және қоғаммен байланыс қызметі жуырда орын алған Геннадий Головкинмен байланысты оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Астана халықаралық әуежайыныӊ маркетинг және қоғаммен байланыс қызметі жуырда орын алған Геннадий Головкинмен байланысты оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы 24 шілдеде Люфтганза әуе компаниясыныӊ рейсімен Франкфурттан Астана әуежайына қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұшып келді. Оған дейін әуежайға телефон бойынша алдын ала төлемсіз Г.Головкинге ВИП зал арқылы қызмет көрсету туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қызмет көрсету бойынша нұсқауға сәйкес ВИП залда жолаушыларға қызмет көрсету ақылы. Төлемді ұшып келгенге дейінгі уақытта жасау керек. Жеӊілдік арқылы қызмет көрсетілетін ҚР және шетел лауазымды тұлғаларынан бөлек басқа тұлғалар төлем төлеуі тиіс.

Иуежай тарапынан оныӊ агенті төлем туралы фактіні тексермей, қонаққа ВИП залда қызмет көрсетуде ағаттық жіберді. Өтініш білдірудіӊ алдын ала төлем жасамауы мен агенттіӊ қателігі келеӊсіз жағдайға әкеліп соқты.

ВИП залда жолаушыларға қызмет көрсететін әуежай қызметкерлері жолаушыларға қызмет көрсету бойынша басшылық талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.

"Астана халықаралық әуежайыныӊ әкімшілігі бұл оқиғаға байланысты Г.Головкиннен кешірім сұрады", - делінген елорда әуежайыныӊ баспасөз қызметініӊ хабарламада.

Еске сала кетейік, "Астана" халықаралық әуежайыныӊ қызметкері Геннадий Головкинді VIP-зал арқылы өткізбей, жолаушылар мен Геннадийді күтіп алушылардыӊ алдында жанжал шығарған. Ол "Геннадий ақша төлемей зал арқылы өтуге құқығы жоқ, себебі ол шенеунік, не шенеунік отбасынан емес" деген. Бұл Қазақстанныӊ беделін шетелде көтеріп жүрген Головкинніӊ айналасындағы адамдардыӊ наразылығын тудырған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны