04.04.2007, 17:56 3248

Астана басшылары салынып бітпей қалған тұрғын үй проблемаларын шешуге уәде берді

АСТАНА. 4 - сәуір. Kazakhstan Today. Астана басшылары салынып бітпей қалған тұрғын үй проблемаларын шешуге уәде берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елбасының тапсырмасы бойынша барлық проблемалы үйлер біздің бақылауымызда. Біз осы түйткілді нысандар бойынша жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан да бұл мәселенің бәрі шешілетіндігіне шәк келтірмеңіздер",- деді бүгін Астана әкімі Асқар Мамин құрылысы төрт жылға созылған "Москва" тұрғын үй кешенін тапсыру салтанатында.

Бұрындары хабарлағанымыздай, "Москва" тұрғын үй кешені 2003 жылдың аяғында салына басталған. Құрылысты аяқтаудың алғашқы мерзімі 2005 жылдың ақпанына белгіленген болатын. Осыған қарамастан құрылыс салушы компания тарапынан 2005 жылдың ортасында кешен құрылысы тоқтаған болатын. Құрылыс жұмысы "Банк "Каспийский" АҚ қаржысымен тек бір жылдан кейін ғана қайта жалғасты.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жалпы бүгінде Астанада әртүрлі себептермен жұмыстары тоқтаған 30-ға жуық құрылыс нысандары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны