08.10.2007, 15:09 3403

Астана базарларында күнбағыс майы мен мал майының тапшылығы орын алды

Астана базарларында күнбағыс майы мен мал майының тапшылығы орын алды

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана базарларында күнбағыс майы мен мал майының тапшылығы орын алды. Бұл туралы бүгін әкімшіліктің апталық отырысындағы баяндамасында Астана әкімінің орынбасары Болат Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Күнбағыс майының бағасы 34,4 пайызға, малдың майы - 5,1 пайызға өскен",- деп атап өтті Смағұлов. Икім орынбасарының ақпараттарына сүйенсек, майдың тапшылығы биыл күнбағыс түсімінің өткен жылмен салыстырғанда аз болуына қатысты болжамға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, оның айтуынша, "күнбағыс тұқымының халықаралық нарықтағы бағасы айтарлықтай өскен". Сондай-ақ, әкімшіліктің мәліметтеріне сүйенсек, май шығаратын қазақстандық "Шедевр" компаниясы "қазіргі уақытта жұмысын тоқтатқан".

"Олейна" және "Милона" дистрибьюторлық компаниялары импорттық өнім бағаларының өсуін 2007 жылы зауытпен жасалған келісімде өнімнің көлемі жеткіліксіз жазылғандығымен түсіндіруіп бағуда. Қазіргі уақытта Астанаға тасымалданатын өнімнің барлық көлемі сатылып кеткен, өте аз келуде және де осыған байланысты нарықта май тапшылығы орын алып отыр",- деп түсіндірді Смағулов.

Бүгінде, өсімдік майының орташа бағасы 350 - 50 теңге көлемінде ауытқып отыр. Сонымен қатар, "көптеген сауда орындарында май мүлдем жоқ",- деді Б. Смағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны