15.07.2017, 19:32 4266

"Астана ЭКСПО - 2017" мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылған Алматы облысыныӊ Мәдениет күндері мәресіне жетті

"Астана ЭКСПО - 2017" мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылған Алматы облысыныӊ Мәдениет күндері мәресіне жетті. ЭКСПО қалашығындағы Амфитеатрда Мәдениет күндерініӊ салтанатты жабылуы өтті.

Талдықорған. 15 шілде. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО - 2017" мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылған Алматы облысыныӊ Мәдениет күндері мәресіне жетті. ЭКСПО қалашығындағы Амфитеатрда Мәдениет күндерініӊ салтанатты жабылуы өтті.

Салтанатты рәсімге "Астана ЭКСПО" ҰК" АҚ төрағасыныӊ бірінші орынбасары Илішер Пірметов, Алматы облысы әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар арнайы келді.

Жабылу рәсімінде көрермендерге Сүйінбай атындағы облыстық филармонияныӊ "Жерұйық - жасыл бауларым" атты концерттік бағдарламасы ұсынылды. М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, "Құлансаз" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, "Алтынай" мемлекеттік халықтық би ансамблі және басқа да белгілі өнер иелері сахнаға шықты. Сонымен қатар "Меломен" және "МузАРТ Life" топтары да қонақ ретінде қатысты.

Амфитеатр маӊайына көрермен көптеп жиналды. Олардыӊ арасында ЭКСПО қалашығында жұмыс істейтін қызметкерлер, еліміздіӊ өзге қалаларынан келген қонақтар, көрмеге арнайы келген шетелдіктер де бар.

ЭКСПО көрмесініӊ стендисі Ержан Мухабдин - Алматы облысыныӊ концертін бастан аяқ тамашалағандардыӊ бірі. Ол ұлттық колоритке бай мұндай концерттіӊ, әсіресе, шетелдіктерге ұлттық өнерімізді танытудағы маӊызыныӊ ерекше екенін атап өтті. Және Өмірқұл Айниязов сияқты сүйікті әншілерініӊ өнерін тамсана тамашалағынын айтты.

Ал голландиялық Брус Гакен ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін елімізге сапарлап келген. "Жалпы Астана қаласынан, соныӊ ішінде ЭКСПО қалашығыныӊ өзінен-ақ күнделікті ұлттық стильдегі шараларды көру меніӊ осы ел туралы танымымды кеӊейтуде. Біз жолдастарымызбен бірге ЭКСПО-ға келу арқылы тек болашақтыӊ энергиясына қатысты мәліметтерден ғана емес, сонымен бірге Қазақстан туралы да кеӊінен хабардар болып жатырмыз", - деп ой бөлісті голландиялық қонақ.

Айта кету керек, "Астана ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай 11-15 шілде аралығында Астана қаласында өткен Алматы облысыныӊ Мәдениет күндері өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны