27.09.2006, 15:13 3675

"Астана - есірткісіз қала" бағдарламасын жүзеге асыруға 21 млн. теңге бөлінеді

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Астана - есірткісіз қала" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 21 миллиондай теңге бөлінеді. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрі Бірғаным Ийтімова Астанадағы білім беру ұйымдарының жетекшілерімен өткен жұмыс бабындағы кеңесте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Б.Ийтімова жастар арасында нашақорлықтың белең алуымен күреске бағытталған бірқатар нақты шараларды ұсынды. Атап айтсақ ол Астанада дағдарыс орталығын құруды ұсынды. Бұл жерге есірткіге тәуелділікке бой алдырған жастардың ата-аналары көмек сұрай келеді. "Біз Астана қаласының жаңа әкіміне осындай орталықты ашуға қаржы бөлуді сұрап хат жолдадық",- деді Б.Ийтімова.

Министр оқушылар арасында есірткіні ерте тұтынуға қатысты тестілеуді жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды. "Біз қажетті қаржыны тауып, тым құрыса Астананың базасында осындай тексеруді жүзеге асырамыз. Бірақ ол үшін бізге ата-аналардың келісімі керек. Өйткені заңнамаға сәйкес біздің ондай құқығымыз жоқ",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны