08.05.2018, 21:47 3877

"Астана" халықаралық қаржы орталығы Fintechstars алғашқы стартап-акселерациялық бағдарламасын іске қосты

Бағдарламаныӊ мақсаты Қазақстандағы қаржы технологиялар саласындағы стартаптарды дамытуға арналған платформаларды құру және осы саланыӊ әлемдік көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жолға қою.

Астана. 8 мамыр. Kazakhstan Today - "Астана" халықаралық қаржы орталығы швейцарлық Seedstars компаниялар тобы мен қазақстандық MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе отырып Fintechstars алғашқы стартап-акселерациялық бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаныӊ мақсаты Қазақстандағы қаржы технологиялар саласындағы стартаптарды дамытуға арналған платформаларды құру және осы саланыӊ әлемдік көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жолға қою.

"АХҚО әкімшілігі" АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Исел Жанасованыӊ Fintechstars қаржы технологиялар саласындағы кәсібін жаӊадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге көмектесетіндігін атап өтті.

"Бағдарлама стартаптарға қаржыландыруға ие болу, сондай-ақосы саланыӊ еӊ үздік халықаралық мамандарымен бірлесе отырып өз жобаларын пысықтаудыӊбірегей мүмкіндігін береді. Қазақстанда стартап-жобалармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар Seedstars-пен бірлесе отырып акселлерациялық бағдарламаныӊ іске қосылуы қаржы технологиялардыӊ экожүйесін дамытуға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі", - деді И. Жанасова.

"Стартаптарды бағалау кезінде мынадай өлшемшарттар: команданыӊ құзыреттілігі, компанияныӊ өсу динамикасы мен олардыӊ Бағдарлама барысында ала алатын қосымша құндылығы ескерілді. Командалар барынша жетілген, олардыӊ кейбіреулері ісін жаӊадан бастаған стартаптарғаменторлар ретінде көмек көрсетуде. Біздіӊ оларға беретін басты құндылығымыз - Seedstarsбайланыстар желісіне қолжетімділік", - деді Seedstarsөӊірлік өкілі Игорь Овчаренко.

Бағдарламаға қатысуға 33 мемлекеттен 146 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузия және Нигериядан 10 команда іріктелді. Fintechstarsаясында үш айлық оқу, халықаралық және отандық менторлардыӊ тәлімгерлігі және 20 мыӊ АҚШ доллары көлеміндегі алдын ала инвестиция көзделген.

Fintechstars қорытындысы бойынша еӊ үздік стартаптар 350 мыӊ АҚШ доллары сомасына дейінгі инвестицияға және халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігіне ие болады.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.www.aifc.kz

Seedstars - технологиялар мен кәсіпкерлік арқылы дамып жатқан нарықтардағы адамдардыӊ өмірлеріне ықпал етуді көздеген швейцариялық топ. Seedstars мүдделі тараптарды байланыстарады, мемлекеттік және жеке серіктестермен бірлесіп жаӊадан компаниялар құрады және экожүйелердегі өнімділігі аса жоғары стартаптарға инвестициялар құяды. Іздеп, барлаудан бастап компанияларды құру мен жұмысын жеделдету бағдармаларына дейін аралықты қамтитын қызметініӊ алуандығыныӊ арқасында команда бүкіл әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан 65 экономиканыӊ ішінен кәсіпкерлердіӊ, инвесторлардыӊ, инкубаторлардыӊ, корпорациялар мен үкіметтік шенеуніктердіӊ еӊ қуатты желісін құрды. Seedstars тобыныӊ құрамына SeedstarsWorldстартаптардыӊ бүкіл әлемдік байқауы; SeedstarsGrowthвиртуальды үдеудіӊ үш айлық бағдарламасы; Seedspace, коворкинг желі мен 35+ елде бірге тұру және тұрақты бизнесті қалай жасауға болатындығы туралы өз ісін енді бастаған жергілікті кәсіпкерлерге арналған алты айлық қарқынды даярлайтын SeedstarsAcademy кіреді. Seedstars-тіӊ кейбір негізгі серіктестері - Enel (Energy), HEG Friborg&Trecc (Education), BBVA (Finance), TagHeuer (FempreneurshipandInnovation) және MerckKGaA (Health).

SeedstarsGrowth - бұл нақты салалардағы (WorldSeedstarsWorld және Seedspace желісі арқылы алынған) жетекші кәсіпкерлерді әлемдік білім мен талап ету бойынша тәлімгерлікке ие болу арқылы олардыӊ өсуін ынталандыру және жұмысын қолдау мен жеделдетудіӊ үш айлық бағдарламасы.

MOST бизнес-инкубаторы - бизнесті жасау мен дамытуға арналған алаӊ. Компанияныӊ миссиясы: әлемдіӊ қауымдастықты гүлдендіретін озық кәсіпкерлердіӊ жаӊа буынын жасап шығару. Компания жұмыс тәсілініӊ ерекшелігі 3 негізгі құрауыштыӊ өзара үйлесе білуінде, олар: жас кәсіпкерлерге консультациялар беру және оларды оқытып-үйрету; қаржыландыру мен тәлімгерлікке қолжетімділікті ұсыну.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны