11.02.2016, 14:51 3007

Астана қ. әуежайында темекі шеккені үшін ҚР азаматына айыппұл салынды

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері Елбасыныӊ құқықбұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидаты бойынша тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Соныӊ ішінде, азаматтардыӊ өмір сапасына селкеу түсіретін, қоғамдық тыныштықты бұзатын ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге ерекше мән берілуде

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері Елбасыныӊ құқықбұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидаты бойынша тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Соныӊ ішінде, азаматтардыӊ өмір сапасына селкеу түсіретін, қоғамдық тыныштықты бұзатын ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге ерекше мән берілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Департаменттіӊ Икімшілік полиция басқармасы бастығыныӊ орынбасары Серік Төрекеновтыӊ айтуынша, 2016 жылдыӊ басынан бері еліміздіӊ көлік сақшылары түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 6 630-дан астам құқықбұзушыны, соныӊ ішінде 632-уін тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін, жауапкершілікке тартты.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Заӊына сәйкес әуе көлігініӊ бортында және әуежай ғимараттары мен теміржол вокзалдарында темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынған". Алайда, еліміздіӊ бұл заӊнамасынадағы тыйымға қарамастан Астана халықаралық әуежайында аталған талапты тек қана Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтары да өрескел бұзып жатады" - дейді С.Төрекенов.

Мәселен, Астана қ. әуежайындағы желілік полиция бөліміне Астана қ. әуежайындағы жолаушылар терминалыныӊ бірінші қабатында орналасқан дәретханада темекі шеккені үшін 1995 жылы туылған Қазақстан Республикасыныӊ азаматы жеткізілді. Оныӊ үстінен ИҚБтҚРК 441 бабы бойынша (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 1,5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан Республикасыныӊ Заӊнамасында тыйым салынған жеке қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін Астана қ. ЖПб 273 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ағымдағы жылдыӊ басынан бері осыған ұқсас құқықбұзушылықтар үшін 6 азамат, соныӊ ішінде 1 Италия азаматы жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны