11.10.2018, 13:36 4494

Астана қалалық Білім басқармасы "Ақша жинауға қарсымыз" акциясын бастады

Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізу қажеттігін атап өтті.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Астана қаласы бойынша департамент басшысы, "Астана адалдық алаӊы" жобасыныӊ жетекшісі Жазира Жылқышиева Астанада өткен брифингте баяндама жасады. Ол өз сөзінде былай деді:

Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізу қажеттігін атап өтті.

Президент мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеӊберінде мемлекеттік қызметшілердіӊ халықпен тікелей байланысын қысқарту жөнінде одан әрі шаралар қабылдауды, бірінші басшылардыӊ жеке жауапкершілігін арттыру мәселесі бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Сыбайлас жемқорлықтан ада өӊірлер" жобалары аясында елорданыӊ жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату туралы тапсырма берді.

Астанада ақпан айынан бастап Агенттіктіӊ әкімдікпен бірлескен "Астана - адалдық алаӊы" жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба - тұрмыстық жемқорлықты жоюға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Мемлекет басшысы атап өткендей, білім беру жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыстар атқарылды.

Соӊғы 4 айда Білім басқармасыныӊ және оныӊ бағынышты ұйымдарыныӊ қызметіне талдау жүргізілді.

Талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерініӊ, "жасырын" мемлекеттік қызметтердіӊ, нормативтік құқықтық актілердегі және әкімшілік кедергілердегі қайшылықтардыӊ болуы себеп болды.

Жоба қоғамдық ұйымдармен бірлесіп оқушылардыӊ ата-аналары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижесі білім беру мекемелерінде мектептіӊ немесе сыныптыӊ қосымша қажеттіліктері үшін жиі ақша жиналатындығын көрсетті.

Негізінен қаражат жинау "ата-аналар комитеті" арқылы жүзеге асырылады.

Жоба кеӊсесі ҚР Білім және ғылым министрлігіне ата-аналар комитетіне тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізді. Ата-аналар комитетініӊ қызметі регламенттелмеген және тұрмыстық жемқорлықтыӊ туындауына себеп болады.

Білім беру мекемелерініӊ азаматтармен өзара әрекеттесуініӊ кез-келген тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Қабылдау, ауысу, гранттар бөлу, жатақханадағы орындарды анықтау және т.б. барлық осындай процестер тиісті нормативтік құқықтық актілерде анық көрсетілген.

Біздіӊ мемлекет процестерді толық цифрландыру жолында. Бұл шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал етеді.

Дегенмен, бүгінгі күні барлық рәсімдер цифрланбаған. Нәтижесінде лауазымды тұлғалардыӊ өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланатын сәттері кездеседі. Шамадан тыс құжаттар мен регламенттелмеген ақпарат талап етіледі.

Оқу жылыныӊ қарсаӊында біз Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ ұсынатын қызметіне талдау жүргіздік.

Мектептердіӊ қажетсіз құжаттарды талап етуініӊ салдарынан ХҚКО кезекте тұрған ата-аналардыӊ саны жетіп артылды.

Тиісті ақпарат Білім басқармасына жіберілді. 5 мектеп директорына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. 10 директорға қатаӊ ескерту жасалды.

Сондай-ақ жатақханаларға заӊсыз орналастыру, қаржылық көмек көрсету туралы оқушылардыӊ ата-аналарына сауалнама жүргізу, балабақшаларда ақылы орын ауыстыру және т.б. фактілер анықталды.

Бұл фактілер білім беру мекемелерініӊ әкімшіліктері белгілі бір заӊнамаларды сақтамайтындығын көрсетеді.

Мемлекет бүгінде білім беру мекемелері үшін жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Қаражат барлық қажеттіліктерге бөлінеді.

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заӊда білім беру мекемелерініӊ бюджет қаражатын интернет-ресурстарда және басқа да қол жетімді сайттарда жариялау қажеттілігі жөнінде міндеттемелері нақты анықтайды.

Ашықтық пен есепберушілік - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттыӊ негіздерініӊ бірі. Азаматтар бюджет қаражатыныӊ қайда жұмсалатыны туралы білуі қажет.

Білім беру мекемелерініӊ онлайн-ресурстарын талдай отырып, аталған талаптардыӊ орындалуыныӊ сақталмайтыны туралы қорытынды жасадық.

Ата-аналар бюджеттіӊ шаруашылық қажеттіліктерге, жөндеу жұмыстарын және басқа да заттарды сатып алуды қарастыратынын біле отырып, ақша жинаудыӊ заӊсыз екендігін ойлайтын болады.

Бюджет қаражатыныӊ қалай және қайда іске асырылып жатқандығы тек мекемеге және бақылаушы органдарға ғана белгілі. Алайда, ақша жұмсаудыӊ нақты көрінісін оқушылар мен олардыӊ ата-аналары көреді.

Нәтижесінде білім беру мекемелерініӊ интернет-ресурстарын сәйкестендіру бойынша ұсыныстар жасалды.

Сондай-ақ, 7 қыркүйектен бастап Білім басқармасы Жоба кеӊсесімен бірлесіп "Ақша жинауға қарсымыз" акциясын бастады. Іс-шара шеӊберінде білім беру мекемелерініӊ кіреберісінде және 59 БАҚ-да орналастырылған азаматтар үшін қол жетімді инфографика әзірленді.

Оқушылар мен олардыӊ ата-аналарына заӊды құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда хабарласуға болатын сенім телефондары көрсетілген (тел .: 55-68-73, 55-68-83, 8775 160 32)

Бұрын аталғандай, білім беру мекемелері мемлекеттік бюджетпен толығымен қамтамасыз етілген.

Еӊ бастысы - бұл қаражатты тиімді бөлу.

Балалар үйі мен №54 мектеп-лицейін оӊтайландыру тәжірибесін мысал ретінде алуға болады.

Жарты жылда балалар үйініӊ жаӊа менеджмент жұмысынан 90 млн.теӊге, ал мектеп - 60 млн.теӊге үнемдеді.

Үнемделген қаражат ғимаратты жаӊғыртуға және мұғалімдерді жәрдемақымен қамтамасыз етуге бағытталды.

Бұл мысалдар бюджет қаражатыныӊ қосымша шығындарынсыз және оқушылардан қаржы жинаусыз, қолайлы жағдай жасап және қызметкерлерді қаржылай ынталандыруға болатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы заманауи басқаруды қалыптастыру қажеттілігін бірнеше рет атап өтті.

Ирбір басшы бюджет қаражатын жан-жақты және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Қазір орталық деӊгейде білім беру мекемелерін ММ-ден КЕАҚ-ға (коммерциялық емес акционерлік қоғам) және ШЖҚ МКК (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) басқарудыӊ формасын өзгерту туралы мәселелер әзірленуде.

Бұл өзгерістер бюджет қаражатын тиімді және ұтымды бөлуді, сондай-ақ мұғалімдер құрамыныӊ жалақысын арттыруға мүмкіндік береді.

Бірінші басшыныӊ негізгі талабыныӊ қарапайым орындаушыдан айырмашылығы - бұл үлкен жауапкершілік.

Барлық ұйымдастырушылық және шаруашылық процестер бірінші басшыныӊ үнемі қадағалауында болу керек.

Осы уақытқа дейін белгілі бір процедураларды бұзғаны үшін орындаушылар немесе орынбасарлары ғана жауапкершілікке тартылу тәжірибесі болды.

Бұл тәжірибені жою қажет.

27 тамызда Агенттік төрағасы, елорда әкімі және Білім және ғылым министрініӊ кезесуінде білім басқармасыныӊ ведомстволық бағынысты ұйымдарыныӊ басшылары жеке жауапкершілік пилоттық құжатына қол қойды.

Енді ақша жинау, заӊды бұзу, қызметтіӊ ашықтығын сақтамау фактілері анықталған жағдайда, директорларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Жолдау шеӊберінде қолданыстағы заӊнамаға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған бағынысты тұлғалардыӊ жауапкершілігін анықтау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді.

Бірінші басшылар кеӊ өкілеттіктермен ғана емес, сондай-ақ жоғары жауапкершілікпен ерекшеленуі керек.

Өткен оқу кезеӊінде білім беру мекемелерініӊ басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

24 тамызда Агенттіктіӊ алаӊында Агенттік Төрағасыныӊ орынбасары және Білім және ғылым вице-министрініӊ қатысуымен Жобаныӊ жүргізген талдау нәтижелері талқыланды.

Уәкілетті органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелерін жүйелі түрде шешу қажет. Бұл жағдайда азаматтармен кеӊ ауқымды жұмыстар жүргізу, жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті дамыту өте маӊызды.

Бүгін қоғамныӊ белсенділігі артты. Ашықтықты қамтамасыз ету және азаматтардыӊ құқықтарын қорғаудағы басты рөл БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланады.

Біздіӊ жұмысымызға ҮЕҰ өкілдері (үкіметтік емес ұйым), жастар, бизнес қоғамдастық және қарапайым азаматтар белсенді қатысады.

Және, еӊ бастысы - лауазымды тұлғалар мен білім беру қызметкерлерініӊ жауапты және адал жұмысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны