06.08.2012, 09:58 3664

Астана қаласы мен Маңғыстау облысында апатты жағдайдағы үйлер сүріледі

"Ескі, апатты жағдайдағы үйлерді сүріп тастау жобасын іске асыру - 2013 жылдан бастап Астана қаласында және Маңғыстау облысында жоспарланып отырған жаңа бағыт", делінген агенттіктің хабарламасында.

Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Астана қаласы мен Маңғыстау облысында апатты жағдайдағы үйлер сүріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 2013 жылдан бастап Астана қаласында және Маңғыстау облысында апатты жағдайдағы үйлерді сүріп тастау жобасы іске асырыла бастайды. Бұл туралы Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі рm.kz. сайтына берген мәліметінде көрсетілген.

"Ескі, апатты жағдайдағы үйлерді сүріп тастау жобасын іске асыру - 2013 жылдан бастап Астана қаласында және Маңғыстау облысында жоспарланып отырған жаңа бағыт", делінген агенттіктің хабарламасында.

Ақпаратта апат көрсетілгендей, апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына жаңадан салынатын баспананың 30% беріледі, ал қалған 70% мемлекеттік инвестицияны қайтару үшін нарыққа шығарылып сатылады.

Астана қаласының қалыптасқан бөлігін қайта жаңарту жөніндегі ілкі жобаның аясында мемлекеттік инвестицияны қайтару қағидасына негізделген тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру және апатты үйлерді сұріп тастау, "ескі" орамдарды кешенді жаңарту қарастырылып отыр.

Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша, Астананың қалыптасқан бөлігінде 42 жаңарту ауданына бөлінген және жалпы ауданы 588 мың шаршы метрді құрайтын 2 978 үйді қайта жаңарту және сүріп тастау қажет. Хабарламада атап көрсетілгендей, бұл үйлердің басым бөлігін, яғни 2 579 үй усадьбалық үйлер құрайды.

Оған қоса, сүріп тасталатын ескі үйлердің орнына жоспарланып отырған баспананың ауданы 3,1 млн. шаршы метрді құрайды. Ілкі жобаның аясында 3 - 4 санаттағы тұрғын үйлердің және жобаны қайта қаржыландыру және заемдық қаржыны бюджетке қайтару үшін жылжымайтын нарыққа шығарылып сатылатын коммерциялық тұрғын үйлер мен кеңсе жайлардың құрылысын салу қарастырылған.

Маңғыстау облысында апатты үйлерді сүріп тастау жобалары Ақтау және Жаңаөзен қалаларында іске асырылмақ.

Айта кету керек, Ақтауда сүріп тасталатын 14 үйдің тұрғындары мен Жаңаөзендегі апатты үйлердің тұрғындарына баспана салу жоспарлануда. Жаңа нысандардың құрылысы үшін жаңа аумақтар игеріледі, себебі қаланың ішіндегі үйлер тығыз орналасқан.

Апатты жағдайдағы үйлерді сүріп тастау жобасын іске асыру бағдарламасын әзірлеуде халықаралық тәжірибе ескерілді. Атап айтқанда, Анкара қаласының қалалық ортаны регенерациялау бағдарламасын іске асыру жобасы пайдаланылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны