24.01.2019, 19:25 12219

Астана қаласында "Борышкер -2019" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Іс-шара аясында Астана қаласыныӊ аумағында, сонымен қатар "Рубеж" бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елордалық полиция департаменті басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, ағымдығы жылғы 21-30 қаӊтар аралығында сот орындаушылардыӊ қатысуымен "БОРЫШКЕР-2019" жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде.

Іс-шара барысында электрондық планшет арқылы 1200 жол ережелерін бұзу туралы әкімшілік хаттама берілді.

Іс-шара аясында Астана қаласыныӊ аумағында, сонымен қатар "Рубеж" бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда. Түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.

Икімшілік заӊмаға сәйкес 7 күн ішінде айыппұл төлеген жағдайда 50 пайыздық жеӊілдікпен төлеуге мүмкіндік берілген.

Сонымен қатар, Икімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ақпараттандырады: "egov.kz" электрондық үкімет порталыныӊ көмегімен онлайн режимінде, екінші деӊгейлі банк бөлімшелерініӊ есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz, мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б., сондай-ақ түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp жіберуге болады (ақша қаражаты Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі).

http://qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде "узнай о своих штрафах" бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесініӊ ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардыӊ фотосын шығарып алуыӊызға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны