30.06.2018, 13:27 7947

Астана қаласында Қазақстан Республикасы нейрохирургтарыныӊ IV конгрессі мен Халықаралық нейрохирургиялық форум өтеді

2008 жылы Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмасымен Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылды, ол еліміздегі нейрохирургиялық қызметтіӊ дамуы алаӊына айналды.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 2 шілдесінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы нейрохирургтарыныӊ IV конгрессі өтеді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ және "ҚР қазақ нейрохирургтар ассоциациясы".

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасыныӊ бас қаласы Астананыӊ 20 жылдығы мен "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ 10 жылдығы шеӊберінде өткізіледі. Конгрестіӊ ашылуына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов қатысады.

2008 жылы Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ тапсырмасымен Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылды, ол еліміздегі нейрохирургиялық қызметтіӊ дамуы алаӊына айналды.

Кішіинвазиялық жұлын нейрохирургиясы, тамырлы және функционалды нейрохирургия, эндоскопиялық нейрохирургия сияқты басым бағыттарды дамыта отырып Орталық нейрохирургиялық нозологиялар бойынша пациенттерді емдеуде халықты нейрохирургиялық патологиялардан болатын өлім-жітім мен мүгедекті азайтуға үлкен үлес қосты.

Жыл сайын Орталық жүйке жүйесініӊ айтарлықтай күрделі патологиясы бар пациенттерге 3000 -нан аса операция жасайды және де бұл сан жыл өткен сайын арта түсуде. Шамамен 4 мыӊға жуық пациент жыл сайын Орталықта жоғарғы білікті нейрохирургиялық көмекті алады.

10 жыл ішінде Орталықта шамамен 37 мыӊға жуық пациент емделіп шықты, 20 мыӊнан астам операция жасалынды, 66 жаӊа нейрохирургиялық технология енгізілді.

Қазіргі таӊда клиника нейрохирургия саласындағы медициналық инновациялардыӊ көшбасшысы, жетекші ғылыми және клиникалық орталық болып табылады.

Қазақстан Республикасы нейрохирургтарыныӊ конгрессі -бұл қазақстандық нейрохирургтардыӊ кездесу орны, мұнда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін резолюция қабылдаумен "Қазақ нейрохирургтары ассоциациясы" ҚБ басқармасыныӊ дәстүрлі отырысы өтеді. Осы жылы Конгресте "Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық қызметті ұйымдастыру", "Нейрохирургиялық бөлімшелерді жабдықтау стандарттары", "Нейрохирургиялық кадрларды дайындау", "ҚР инсульт қызметі" және басқа да өзекті сұрақтар талқыланатын болады.

Ал 2018 жылғы 3-5 шілде аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасыныӊ бас қаласы Астананыӊ 20-жылдығы мен "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ 10 жылдығына арналған Халықаралық нейрохирургиялық форум өтеді.

Форумныӊ салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Е.А.Досаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасы директорыныӊ орынбасары- И.М.Рахымжанов, Қазақстан Республикасыныӊ ғарышкері - Т.А.Мұсабаев қатысады.

Форумныӊ ғылыми бағдарламасы нейрохирургия саласыныӊ өзекті сұрақтарына арналады.Форумға әлемніӊ 20-дан аса елініӊ ресми өкілдері қатысатын болады, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ, ТМД елдерініӊ және шетелдердіӊ нейрохирургия, неврология, нейроанестезиология және нейрореанимация саласыныӊ жетекші мамандары бар.

Олардыӊ арасында әлемдік нейрохирургияныӊ ғұламалары: РҒА академигі, Н.Н.Бурденко атындағы ҰМЗО құрметті президенті, Ресей нейрохирургтары ассоциациясыныӊ президенті Александр Коновалов, WFNS нейрохирургиялық қоғамдастықтардыӊ бүкіләлемдік федерациясыныӊ президенті, профессор Franco Servadei (Италия), Нейрохирургтардыӊ Азиялық конгресініӊ президенті, профессор Yoko Kato (Жапония), Нейроэндоскопияныӊ халықаралық федерациясыныӊ президенті, профессор Shlomi Constantini (Израиль), Нейрохирургиялық қоғамдардыӊ Еуропалық ассоциациясыныӊ вице-президенті, РҒА академигі, Н.Н.Бурденко атындағы НМИЦ ФГАУ директоры (Ресей) - Александр Потапов, нейрохирургтардыӊ Азиялық Австралиялық қоғамдастықтарыныӊ вице-президенті, Хиросима (Жапония) университетініӊ нейрохирургия бөлімшесініӊ жетекшісі, профессор - Kaoru Kurisu, Фукуи (Жапония) университетініӊ нейрохирургия бөлімшесініӊ жетекшісі, профессор -Kenichiro Kikuta, РФ (Ресей) балалар нейрохирургиясы ассоциациясыныӊ президенті, профессор Вильям Хачатрян, Ганновер (Германия) неврология халықаралық институтыныӊ медициналық директорыныӊ орынбасары және вице-президенті, профессор - Amir Samii, Сент-Луиса (АҚШ) университетініӊ нейрохирургия бөлімшесініӊ жетекшісі, профессор Saleem Abdulrauf, Сураски (Ихилов) атындағы аурухананыӊ инвазиялық нейрохирургия бөлімшесініӊ меӊгерушісі, Тель-Авив (Израиль) университетініӊ медицина факультетініӊ доценті, профессор - Shimon Maimon, Сорока (Израиль) университетініӊ медициналық орталығыныӊ нейрохирургия бөлімшесініӊ жетекшісі -Israel Melamed және т.б..

Бірінші рет Қазақстанда форум қатысушыларына Prof. Eka J. Wahjoepramono және Dr. Julius July (Индонезия) нейрохирургиялық қоғамдастықтардыӊ бүкіләлемдік федерациясымен танылған нейрохирургтарыныӊ 3D дәрісін алуға, мидыӊ тереӊ бөлігіне үш бөлімдік режимде қарау ерекше мүмкіндігі ұсынылатын болады.

Жалпы алғанда форумныӊ ғылыми бағдарламасы нейрохирургия, нейроонкология жұлын, тамырлы, педиатрия нейрохирургиясы және шеткі жүйке нейрохирургиясы, сонымен қатар жіті инсульттарды емдеу және аталған тақырыптар бойынша пленарлық сессияларды өткізуге арналған.

"Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны