29.06.2018, 23:34 2755

Астана қаласында "Көшпенділер әлемі" Халықаралық этнофестивалі өтеді

Аумағы 7 ауылдан тұратын фестивальдіӊ тұрғындары көшпенділер мәдениетін жетік меӊгерген жаужүрек сарбаздар, мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар және музыканттар сан түрлі қойылымдар қойып, шеберлігімен көрерменді тәнті етпек.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласында 2018 жылғы маусымныӊ 30-ы мен шілденіӊ 1-і аралығында "Көшпенділер әлемі" этнофестивалі өтеді. Бұл күндері Астана қаласыныӊ тұрғындары мен қала қонақтары "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде түркі әлеміне саяхаттап, Ұлы Даланыӊ рухын сезінуге мүмкіндік алады. Фестивальдіӊ тұжырымдамасы Түркі халықтарыныӊ Үлкен Құрылтайы моделіне негізделген. Сәтті деп танылған шара Венгрия Республикасында 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді. Аумағы 7 ауылдан тұратын фестивальдіӊ тұрғындары көшпенділер мәдениетін жетік меӊгерген жаужүрек сарбаздар, мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар және музыканттар сан түрлі қойылымдар қойып, шеберлігімен көрерменді тәнті етпек.

o "Ақ мерген" ауылы - көшпенділерден келе жатқан көне қару садақпен атудыӊ шеберлерін анықтайды;

o "Шабыт" ауылы - түркі халықтарыныӊ этникалық музыкасымен таныстырады;

o "Тайбурыл" ауылы - "Көкпар тарту", "Аударыспақ", "Қыз қуу", "Асау" және тағы басқа ұлттық ойындарды паш етпек;

o "Керуен сарай" ауылы - меймандарға көшпенділердіӊ ас әзірлеу әдісі мен мәзірін ұсынбақ;

o "Ақ сақа" ауылы - "Қазақ күресі", "Арқан тарту", "Асық ату" және тағы басқа көшпенділердіӊ дәстүрлері ойындары болып, рухы мен болмыс-бітімі берік батырлар өз өнерін ортаға салады;

o "Батыр" ауылы - дала батырларыныӊ ежелгі шайқастарыныӊ қыр-сырымен таныстырады;

o "Шебер" ауылы - көлөнер шеберлерініӊ бұйымдарын паш етумен қатар оны жасаудыӊ сырымен бөліседі;

Осылайша жиналған қауым көшпенділер мәдениеті жайлы толық мағлұмат алып, Башқұртстан, Болгария, Венгрия, Қырғыстан, Түркия, Украина, Якутия және Қазақстаннан келген дала көшпенділерініӊ "action" стиліндегі сан түрлі қойылымдарына тәнті болуға мүмкіндік алады. Келген қонақтар "Амазонкалардыӊ" қойылымынан ерекше күйге бөлеп, таӊ қалуы мүмкін деп күтілуде.

"Арқайым" нео-этнофольклорлық тобы, хомусшы әрі көмеймен ән айтудыӊ шебері Тюрген Кама, "Тұран" этно-фольклорлық тобы, "The Spirit Of Tengri" байқауыныӊ лауреаты Юлиана Кривопашкинаныӊ музыкалық шашуы көшпенділер әлеміне толық бой алдыруыӊызға мүмкіндік ашады.

"Көшпенділер әлемі" фестивалі Қазақстан астанасыныӊ 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Халықаралық іс-шараны ұйымдастырушылар Астана қаласы әкімшілігініӊ қолдауымен ҚР Мәдениет және Спорт министрлігіне қарасты Туризм индустрия Комитетініӊ тапсырымен "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ-ы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны