24.05.2016, 19:11 3678

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейді

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ұсыну жоспарланбаған. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен арнайы брифингте Астана қаласы Жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Төлеуғазы Нұркенов мәлім етті

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ұсыну жоспарланбаған. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен арнайы брифингте Астана қаласы Жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Төлеуғазы Нұркенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда елордада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне сұраныс қаланы дамытудыӊ бас жоспарыныӊ жобалық қуатынан 7 есеге артық болып отыр. Бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін елорда аумағында қазіргі жеке тұрғын үйлер салынған аудандарды есепке алғанда, қаланыӊ жер учаскелерін беру бойынша нақты мүмкіндігі шамамен 15 мыӊ жер учаскесін құрайды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Қазіргі кезде Астанада 103 мыӊнан астам адам жерге кезекте тұр. Өтініштер ҚР Үкіметімен бекітілген ережелер бойынша 2006 жылдыӊ тамыз айынан бастап қабылдануда, онда дайын учаскелер беріледі делінген, яғни, инженерлік желілермен қамтамасыз етілген. Бүгінде Астанада ондай дайын алаӊдар жоқ, сондықтан біз ешкімге де жер бере алмаймыз. 2007 жылы ҰОС ардагерлеріне, мүгедектеріне, олардыӊ жесірлеріне және оларға теӊестірілген басқа санаттарға, жеӊілдікті санаттағы азаматтарға 1120 жер учаскесі берілді. Содан бері ешкімге де жер берілген емес,- деді Төлеуғазы Нұркенов брифинг барысында.

Айта кетейік, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну ҚР Ұлттық экономика министрініӊ м.а. 27.03.2015ж. №255 бұйрығымен (ҚР Үкіметініӊ 01.08.2006ж. №726 қаулысымен бекітілген) бекiтілген Ережемен регламенттеледі.

Осы Ереженіӊ нормаларына сәйкес, өтініш берген кезде бөлінетін дайын алаӊдар болмаған жағдайда, азаматтардыӊ өтініштері келіп түсуіне қарай арнайы есепке қойылады. Өтініштер қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген жоғарыда аталған алаӊдардыӊ болуына қарай қанағаттандырылады және қатаӊ кезектілік тәртібінде бөлінеді.

Ереженіӊ нормалары Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен оларға теӊестірілген тұлғалардан басқа, азаматтардыӊ барлық санаттары үшін бірдей болып табылады.

Бұдан басқа, брифинг барысында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтерлер беру туралы sms-хабарлама тарату туралы мәселе көтерілді.

"Астана қаласыныӊ әкімдігі sms-хабарлама таратумен айналыспайды. Барлық ресми хабарландырулар әкімдіктіӊ және қалалық басқармалардыӊ ресми сайттарында жарияланады. Аталған бағдарлама туралы айтар болсақ, қазіргі кезде ол аяқталды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша өткен азаматтар пәтерлермен қамтамасыз етілді. Енді қалған 50 тұрғын үстіміздегі жылдыӊ бірінші жартыжылдығында жаӊа пәтерлерге қоныстанатын болады", - деді елордалық Тұрғын үй басқармасыныӊ басшысы Руслан Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны