14.07.2017, 19:30 3543

Астана қаласындағы "Қазанат" ипподромында Алматы облысыныӊ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілім басталды

Көрсетілімде теӊге ілу, аударыспақ, жамбы ату, тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен шеберлік ойындары ұсынылуда. Сол сияқты ипподром аумағындағы этноауылда асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресінен "түйепалуандар жарысы" қызды.

Талдықорған. 14 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласындағы "Қазанат" ипподромында Алматы облысыныӊ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімі басталды. Шара "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Алматы облысыныӊ М?дениет күндері аясында өтуде.

Көрсетілімде теӊге ілу, аударыспақ, жамбы ату, тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен шеберлік ойындары ұсынылуда. Сол сияқты ипподром аумағындағы этноауылда асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресінен "түйепалуандар жарысы" қызды.

Көрермендер жетісулық бүркітшілердіӊ бүркітті қолға шақыру өнерін де тамашалауда.

Алматы облыстық дене шынықтыру ж?не спорт басқармасыныӊ бөлім басшысы Алмат Үшкемпіровтіӊ айтуынша, жалпы ұлттық ойындарды астаналықтар мен Елорда қонақтарыныӊ назарына ұсынуға өӊірден 50-ге тарта спортшы келген. Олардыӊ арасында Қазақстан Республикасыныӊ спорт шеберлері Мейіржан М?тжан, Елдос Тілебалдиев, Эльдар Жиенқұлов, Закиржан Жиенқұлов ж?не өзге де спортшылар бар. Тоғызқұмалақтан Астана ж?не жетісулық командалар арасында жолдастық ойындар өтеді деп жоспарлануда.

"Астана ЭКСПО - 2017" көрмесініӊ қонағы ұлыбританиялық Фредерик Августин Баумайстер ұлттық спорт ойындары үшін ипподромға арнайы келген. "Бұл Қазақстанға алғаш келуім. Астананы көріп, қазақ м?дениетінен, өнерінен хабардар болдық. Бүгін мен үшін ұлттық спорт түрлері, соныӊ ішінде бүркітті, арнайы иттерді спорттық жарыстарға қосуды көру аса қызықты болды. Өте жақсы ?сер алдым", - дейді Ф. Баумайстер.

Айта кету керек, ипподромдағы спорттық шаралар екі күн бойы жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны