23.10.2006, 14:14 3523

Астана қаласындағы мемлекеттік қызметкерлердің үштен екісі іс қағаздарын қазақ тіліне көшіруге дайын емес

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. Астана қаласындағы билік құрылымдарында істейтін мемлекеттік қызметкерлердің үштен екісі іс қағаздарын қазақ тіліне көшіруге дайын емес, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Астана қаласындағы билік құрылымдарында істейтін мемлекеттік қызметкерлердің небәрі 35 проценні ғана құжаттарды қазақ тілінде рәсімдей алады",- деп мәлімдеді бүгін Астана қалалық әкімшілігінде өткен шұғыл кеңесте әкімшіліктің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының төрайымы Оразкүл Асанғазы. "Икімшіліктегі кейбір департаменттерде қазір қазақ тіліндегі құжаттар бар-жоғы 2 процентті құрайтындары да бар",- деді ол.

Ал Астана әкімінің бірінші орынбасары Сансызбай Есілов қазақ тілін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Астана қалалық әкімшілігінің құжат айналымын толық мемлекеттік тілге аударып шығуына екі ай ғана қалғанын еске салды. "2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап біз қазақ тіліне толық көшуге тиіспіз. Сол үшін мемлекеттік қызметкерлердің дайындығын күшейту қажет",- деді ол. Ол Астана қаласының әкімі Ермек Аманшаевқа бұл мәселені "қатаң бақылауға алуды" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны