27.06.2018, 15:40 5408

Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейтойына орай елімізге атажұртпен танысу мақсатында Түркия мемлекетінен қандас бауырларымыз - балалар қонаққа келеді

Аталмыш шара маусым айыныӊ 28-30-ы аралығында өтеді.

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Елордамыз Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейтойына орай елімізге атажұртпен танысу мақсатында Түркия мемлекетінен қандас бауырларымыз - балалар қонаққа келеді.

Сапар мақсаты - көршілес мемлекеттіӊ азаматтарына, қазақ жастарына атамекендерін көрсетіп, қазақтыӊ салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігін, ұлттық тағамдары мен рухани байлықтарын паш ету.

Қаламыздыӊ мәдени ошақтарын, яғни, Тұӊғыш Президент музейін, Ұлттық музей, "Бәйтерек" монументі, Тәуелсіздік сарайы, "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық орталығы, "Бейбітшілік және келісім" сарайын, "Этноауылды", "Астана Опера" театрын, "Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасын" көрсету жоспарлануда.

Шараға қонақтармен бірге еліміздіӊ қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері және өнер тарландары қатысады.

Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия, "ОТБАСЫМ" республикалық саяси-әлеуметтік журналы, Іскер әйелдер кеӊесі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" Акционерлік қоғамы.

Аталмыш шара маусым айыныӊ 28-30-ы аралығында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны