11.10.2011, 17:38 3639

Астана қаласының әкімдігі технологиялық бизнес-инкубациялау жобалары бағдарламасын іске қосатындығын жариялайды

Бизнес-инкубациялауға өтінімдер қабылдау және қарау ағымдағы жылы тұрақты түрде жүргізілетін болады. Түскен өтінімдерді құрамына ғылым, бизнес, мемлекеттік органдардың өкілдері кірген сараптамалық кеңес қарайтын болады.

Астана. 11-қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласының әкімдігі технологиялық бизнес-инкубациялау жобалары бағдарламасын іске қосатындығын жариялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Осыған орай бүгін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында әкімдіктің еншілес компаниясы "Astana Innovation" АҚ-ның басқарушы директоры Өміржан Ысқақовтың атап өтуінше, бизнес-инкубациялауға өтінімдер қабылдау және қарау ағымдағы жылы тұрақты түрде жүргізілетін болады. Түскен өтінімдерді құрамына ғылым, бизнес, мемлекеттік органдардың өкілдері кірген сараптамалық кеңес қарайтын болады.

"Елдің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы туралы айтқанда біз жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын салаларды табуымыз қажет. Осы мақсатта аталған бағдарлама қабылданып отыр", - деді ол.

Айтп кетейік, технологиялық бизнес-инкубациялау - бұл кіші инновациялық кәсіпорындарды және инновацияларды, жаңа фирмаларды "өсіру", олардың дамудың ерте сатысындағы қызметінің нығаюына көмек көрсету үдерісі. Оның қызметіне бизнес-жоспарларды әзірлеу, жобалық құжаттаманы ұйымдастыру, инвестицияларды тарту, патент алуға көмектесу, лицензиялау сынды мәселелер кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны