04.03.2008, 14:29 3035

Астана қаласының ішкі саясат жөніндегі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Астана қаласының ішкі саясат жөніндегі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қала әкімінің бұйрығымен Архат Сыдықов Астана қаласының ішкі саясат жөніндегі департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл қызметке дейін А. Сыдықов Астана қаласының өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті директорының орынбасары болған, сондай-ақ Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Ал әкімдіктік ішкі саясат жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы Арын Орсариев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Астана әкімінің тағы да бір бұйрығымен Аманбек Балабеков Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Астана қаласы әкімдігі аппаратының тіршілік қамтамасыздығы және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны