22.05.2008, 16:18 3145

Астана қаласының көлік жолдары және жолаушылар көлігі департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Астана қаласының көлік жолдары және жолаушылар көлігі департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Астана. 22 мая. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласы әкімінің бұйрығымен Астана қаласының көлік жолдары және жолаушылар көлігі департаментінің жаңа директоры қызметіне Қанат Сұлтанбеков тағайындалды, деп хабарлайды агенттік Астана әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай өткен жылдың қараша айынан бастап 31 жастағы Қанат Сұлтанбеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Бұған дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының кадрлік жұмыс және бақылау -инспекторлық бөлім меңгерушісі, Алматының көлік жолдары мен жолаушылар көлігі департаментінің басшысы болды.

"Біз Алматыда бірге жұмыс істедік. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіпқойлығын біле отырып, ол департамент алдына қойылған мақсаттарды орындайды деген сенімдемін", - деп атап өтті Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмагамбетов қала активіне жаңа жетекшіні таныстыра отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны