11.09.2018, 23:18 9249

Астана қаласыныӊ жаӊа әкімі болып Бақыт Сұлтанов тағайындалды

Елбасы Астана қаласыныӊ активімен кеӊес өткізді. Кездесу алдында қалалық мәслихаттыӊ сессиясы өтті. Онда депутаттар Астана қаласыныӊ жаӊа әкімі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтыӊ кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Астана. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Астана қаласыныӊ активімен кеӊес өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу алдында қалалық мәслихаттыӊ сессиясы өтті. Онда депутаттар Астана қаласыныӊ жаӊа әкімі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтыӊ кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Нұрсұлтан Назарбаев И.Исекешевті Президент Икімшілігініӊ басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаӊа жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев И.Исекешевтіӊ кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтіп, оныӊ елорданы дамыту жолында атқарған жұмысыныӊ нәтижелеріне тоқталды.

Қазақстан Президенті Астана қаласыныӊ бұрынғы әкімі И.Исекешевтіӊ сіӊірген еӊбегі жөнінде айтып, қаланыӊ жаӊа басшылығыныӊ алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

- Мен елорда әкімін тағайындау мәселесіне зор мән беремін. Қаланы дамыту ісі, соныӊ ішінде Астанадағы бүкіл нысандардыӊ құрылысы үнемі меніӊ жеке бақылауымда. Бұл - мен үшін маӊызды басымдық. Бақыт Сұлтановтыӊ мемлекеттік басқару ісіндегі тәжірибесі мол әрі ұйымдастырушылық қабілеті жеткілікті, - деді Елбасы.

Жиын барысында Қазақстан Президенті Астананыӊ жаӊа басшылығы алдында тұрған бірқатар басымдығы бар міндеттерді атап өтті.

- Дамудыӊ жаӊа моделін енгізу қажет. Инновацияны ілгерілету және креативті адамдардыӊ көбеюі үшін қолайлы орта қалыптастырған жөн. Сол үшін қаланыӊ 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Астананы іскерлік қаржы хабы ретінде дамытуды жалғастыру қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы жаӊа тұрғын үйлер салу, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік нысандар тұрғызу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті қаланыӊ инфрақұрылымын дамыту қарқынын сақтаудыӊ және шаһарды газбен қамту үшін дайындық жұмыстарын жүргізудіӊ маӊыздылығын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданыӊ туристік әлеуетін дамыту ісінде әлемніӊ үздік тәжірибелерін қолдануды тапсырды.

Елбасы қаланыӊ барлық мемлекеттік құрылымдарыныӊ жұмысын трансформациялауды жалғастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және цифрландыру бағдарламасын іске асыру мәселелерін Астананы одан әрі дамытудыӊ басымдықтары ретінде ерекше атап өтті.

Соӊында И.Исекешев пен Б.Сұлтанов сенім білдіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, бас қаламыз бен бүкіл елімізді дамыту ісіне өздерініӊ зор үлестерін қосатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны