02.12.2018, 13:41 4154

Астана қаласыныӊ жоғары оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылуда

"e-University" орталығына электронды пошта мен электронды құжаттардыӊ автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйелеріндегі деректерді өӊдеуге арналған компьютерлік техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануды ұйымдастырудыӊ жаӊа әдістері енгізілуде.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ жоғары оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылуда.

Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласыныӊ әкімі Бақыт Сұлтановтыӊ "Астана медицина университеті" АҚ жұмыс сапарында белгілі болды.

Медицина университетініӊ ректоры Мәжит Шайдаров "e-University" студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттер мен қызметкерлерді уақтылы және жоғары сапалы қызмет көрсетумен қамтамасыз ететін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ әкімдікпен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Астана - адалдық алаӊы" жобасын жүзеге асыру шеӊберінде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

"e-University" орталығына электронды пошта мен электронды құжаттардыӊ автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйелеріндегі деректерді өӊдеуге арналған компьютерлік техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануды ұйымдастырудыӊ жаӊа әдістері енгізілуде.

"е-University" орталығы - әрбір студенттіӊ жүгінетін сұрақтарына жауап алатын орын.

Орталықтыӊ қағидаттары: алынған ақпараттыӊ құпиялылығы, сенімге негізделген серіктестік, мәселелерді шешуде объективтілік, сенімді ақпарат беру.

"е-University" орталығы - университет әкімшілігі мен студенттер арасында жаӊа диалог құру болып табылады, ол университетте ұсынылатын қызметтердіӊ мәдениеті мен сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Орталық жатақханаларда электрондық есеп жүргізуге мүмкін береді, бұл өз кезегінде бөгде тұлғаларсыз онлайн-жүйеде бөлмелерді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Алик Шпекбаев пен Бақыт Сұлтанов Орталықтыӊ жұмысын оӊ бағалады. Алик Шпекбаев елорданыӊ басқа университеттеріне және колледждеріне Медицина университетініӊ тәжірибесін тарату бойынша ұсыныс берді.

Сондай-ақ университетте "адалдық дүкені" ашылды, онда студент қажетті тауарды сатып алып арнайы қорапқа ақшасын қалдырады. Яғни, кассалық аппараттыӊ көмегінсіз жұмыс істейді.

Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардыӊ тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны