23.10.2012, 14:02 3567

Астана - Қарағанды тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел үкіметі Астана-Алматы көлік жолының 188 шақырымдық бөлігін 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейту мен жаңғыртуды ойластырып отыр - бұл туралы Үкімет басшысы Серік Ахметов осы жылдың 19 қыркүйегіндегі "Ақ жол" ҚДП фракциясының депутаттық сауалына берілген жауапта хабарлады.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы "Астана-Алматы" көлік жолының бір бөлігін 4 қозғалыс жолағына дейін жаңғырту туралы Үкімет шешімін құптайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел үкіметі Астана-Алматы көлік жолының 188 шақырымдық бөлігін 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейту мен жаңғыртуды ойластырып отыр - бұл туралы Үкімет басшысы Серік Ахметов осы жылдың 19 қыркүйегіндегі "Ақ жол" ҚДП фракциясының депутаттық сауалына берілген жауапта хабарлады.

Айта кетсек, биылғы жылдың 19 қыркүйегінде "Ақ жол" партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Үкіметке "Алматы-Астана" трассасын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейту және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жолақтарының арасына бөліп тұратын тосқауыл қою арқылы жаңғыртуды ұсынған болатын. Қазіргі кезде аталған трасса негізгі бөлігі бойынша екі жолақты болып келеді, ол жол төсемінің енсіздігімен және бөліп тұратын тосқауылдың жоқтығымен ерекшеленеді. Ал бұл жағдай көліктердің көптігі кезінде олардың қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығулары мен ауыр апаттарға алып келеді.

Сол кезде "Ақ жол" партиясының лидері қазақстандықтардың жол апаттарындағы өлімі туралы жан түршігерлік статистиканы келтірген болатын. Салыстырмалы 10 жыл ішінде жол апаттарынан құрбан болғандар саны Ауғанстандағы Кеңес әскері шығынынан 2,5 есе асып түседі: "Соңғы 10 жыл ішінде біздің елімізде жол-көлік оқиғаларында балаларды қоса алғанда 32 мың адам көз жұмған; 166 мыңнан астамы жарақаттар алып, мертіккен.

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқан қазақстандықтардың саны Ауған соғысындағы Кеңес әскерінің шығынынан екі еседен астам көп, салыстырсақ: онда осындай уақыт аралығында (10 жыл) әскери әрекеттерден 14 мыңдай адам көз жұмған.

Сонда Қазақстан жолдарында көптеген адамдардың өліміне алып келіп жатқан күнделікті тоқтаусыз майдан жүріп жатыр деп айтуға болады", -деп сол кездегі өз сөзінде Азат Перуашев атап өткен болатын.

"Біз мұндай жобаның шығынды болатындығын түсінеміз, алайда Ата Заңымыздың 1 бабына сәйкес адам және оның өмірі Қазақстан Республикасындағы жоғары құндылықтар болып табылады", - деді ол.

Көлік жолын жаңғырту жобасы туралы бүгінгі жаңалыққа қатысты өз ойын білдіре отырып, "Ақ жол" партиясының лидері Үкімет басшылығына ризашылығын және бұл шешімнің көптеген отандастарымыздың өмірін сақтап қала алатындығына сенімін білдірді.

"Ақ жол" партиясы сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мен сайлаушылардың талап-тілектерін орындау бойынша өз қызметін жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны