15.02.2013, 09:27 3317

Астана көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде

Ақпан айының алғашқы онкүндігінде түскен қар да белгіленген мөлшерден анағұрлым көп, деп хабарлайды astana.kz сайты қала әкімдігі аппаратының өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөліміне сілтеме жасап.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың қаңтар айында елордада жауған қар айлық мөлшерден анағұрлым артып, 226 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақпан айының алғашқы онкүндігінде түскен қар да белгіленген мөлшерден анағұрлым көп, деп хабарлайды astana.kz сайты қала әкімдігі аппаратының өмір тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөліміне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, биылғы қардың ылғалдылығы көп жылғы тәжірибеден 2-3 есе жоғары екендігі байқалады. Егер ауа райы күрт жылынып кетсе, қар өте тез ериді. Осыған байланысты қазір су тасқынының алдын алу іс-шаралары қарқынды ұйымдастырылуда.

Арнайы жасалған жоспарға сәйкес, 2013 жылдың 15 наурызына дейін Есіл бассейн инспекциясы қар суы құйылып, толған кезде еркін ағуы үшін ЖЭО-2 және Индустриалдық парк аумағында Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арналарына салынған (барлығы тоғызға жуық нысан) өткелдер мен тосқауылдарды, дамбыларды жоюды жоспарлауда. Қазір су нысандарын тексеруден өткізу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, су тасқыны бұзып кетуі мүмкін осал тұстарды бекіту мақсатында "Астана Тазалық" ЖШС мердігерлік мекемесі күшімен жаңбыр сулары ағатын кәріздер, су жүретін арналар қар мен мұздан тазартылуда.

Ал осы аптада елорданың Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары аумағынан 150 мың текше метрден астам қар тазаланып шығарылса, оның тек 28 текше метрі "Шұбар" тұрғын үй алқабы аумағынан тасылған. "Хан Шатыр", "Сарыарқа", "Керуен" сауда, ойын-сауық орталықтары мен тағы да басқа адамдар көп жүретін жерлердің санитарлық жағдайы үнемі бақылауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны