01.07.2008, 11:55 1508

Астана күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады

Астана күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Өздеріңізге мәлім, биыл Қазақстанда заңнамаға түзету енгізіліп, соған сәйкес республикада Астана күні (6-шілде) деген жаңа мемлекеттік мереке енгізілді. Ал "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер - жұмыс күндері болып табылмайды. Демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады. 6 шілде жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауысады. Демек, қазақстандықтар Астана күнін тойлауға байланысты 5, 6 және 7 шілдеде демалады.

Биыл Елордасының Алматыдан Астанаға көшірілгеніне 10 жыл толып отыр. Астананың мерейтойына орай кешеден бері түрлі салтанаттар өткізілуде, олар 6 шілдеге дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны