19.06.2013, 09:47 3443

Астана күніне арналған мерекелік бағдарламада 70-ке жуық іс-шара қарастырылған

Астана күнін мерекелеудің мерекелік бағдарамасы 70-ке жуық іс-шара өткізуді қарастырады, оның ішінде 20 - концерттік бағдарлама, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Астананың 15-жылдығына даярлық пен оны өткізу бойынша медиа топтың басшысы Жанар Колбачаева.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - Астана күніне арналған мерекелік бағдарламада 70-ке жуық іс-шара қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана күнін мерекелеудің мерекелік бағдарамасы 70-ке жуық іс-шара өткізуді қарастырады, оның ішінде 20 - концерттік бағдарлама, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Астананың 15-жылдығына даярлық пен оны өткізу бойынша медиа топтың басшысы Жанар Колбачаева.

"Іс-шаралардың мерекелік бағдарламасы биыл 70-ке жуық іс-шарадан тұрады, олардың 20-сы - концерттік бағдарламалар мен фестивальдер, 50-ге жуық көшеде өтетін жаппай іс-шаралар, оның ішінде спорттық жарыстар", - деді Ж.Колбачаева.

Сонымен қатар, ол барлық іс-шараларға қонақтар көптеп тартылатынын атап өтті.

Оған қоса, қалада 20 шақты мәдени-ағартушылық және идеологиялық оқиғалар, және де халықтың әлеуметтік қамқорсыз топтарына арналған 7 мекен-жай акциясы өтеді.

Осылайша, Ж.Колбачаеваның айтуынша, концерттік бағдарлама бұқара топтардың бәрін қамтуды көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны