13.06.2014, 18:42 3355

Астана күніне орай иллюзионистер фестивалі өтеді

Бұл елімізде тұңғыш рет қолға алынып отырған бірегей жоба. Бұрын-соңды өткізілмеген фестивальді ұйымдастырушылар енді жыл сайын жүзеге асырмақ, деп Астана қаласының 16-шы жылдығын мерекелеуге арналған арнайы медиа-штабтан хабарлады.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. 5-6 шілде күні Астана қаласында бірінші халықаралық "Magic Astana" - "Сиқырлы Астана" иллюзионистер фестивалі өткізіледі.

Бұл елімізде тұңғыш рет қолға алынып отырған бірегей жоба. Бұрын-соңды өткізілмеген фестивальді ұйымдастырушылар енді жыл сайын жүзеге асырмақ, деп Астана қаласының 16-шы жылдығын мерекелеуге арналған арнайы медиа-штабтан хабарлады.

Елорда төріне әлемнің түкпір-түкпірінен сиқыр өнерінің кәсіби саңлақтары келетін болады. Екі күндік шоу барысында магиялық өнердің майын ішкен майталмандар Бейбітшілік және Келісім сарайында жиналғандарға екі күндік шоу ұсынады.

Бағдарлама кең ауқымды. Көзді ашып-жұмғанша талай қызытың куәсі боласыз. Өз ісінің шеберлері бұрын-соңды болмаған кереметтерді көрсетуге уәде етіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны