31.05.2016, 12:02 8015

Астана маӊындағы "жасыл белдеудіӊ" ауданы 75 мыӊ гектарға жетті - ҚР АШМ

"Ірі қалалардыӊ айналасында жасыл аймақтарды құру мәселелерініӊ масштабты шешімініӊ ерекше үлгісі елорда айналасындағы орман екпелері болып табылады. Яғни, Астана қаласыныӊ айналасында орман отырғызудыӊ жалпы аумағы 1997-2015 жылдары 75 мыӊ га астамды құрады. 2020 жылға дейін жасыл аймақ алқабын 100 мыӊ гектарға дейін жеткізу жоспарлануда"

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда жасанды орман екпелері 10%-ды немесе республиканыӊ орман алқабыныӊ 1029 мыӊ га құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ірі қалалардыӊ айналасында жасыл аймақтарды құру мәселелерініӊ масштабты шешімініӊ ерекше үлгісі елорда айналасындағы орман екпелері болып табылады. Яғни, Астана қаласыныӊ айналасында орман отырғызудыӊ жалпы аумағы 1997-2015 жылдары 75 мыӊ га астамды құрады. 2020 жылға дейін жасыл аймақ алқабын 100 мыӊ гектарға дейін жеткізу жоспарлануда", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

ҚР АШМ мәліметінше, 2015 жылы мемлекеттік орман иеленушілер орман және орман өсіруді молықтыру жөніндегі іс-шараларды 60,2 мыӊ алқапта жүргізген.

Ақмола облысындағы елдердіӊ орманды аумақтарын ұлғайту мақсатында жоғарғы технологиялық инновациялық кешені бар Республикалық орман селекциялық орталығы жұмыс істеп жатыр. Онда алдыӊғы қатарлы технологияларға сәйкес отырғызу материалдары қолданылады.

Жыл сайын кәсіпорын тұқымбағында саны 600 мыӊ дана қарағай, 700 мыӊ дана қара сексеуіл, 100 мыӊ дана Шренка шыршасы, Сиберс алмасы мен өрік көшеттері өсіріледі.

Үстіміздегі жылы селекциялық орталық әртүрлі ағаш бұталардыӊ түрлерініӊ 1,9 млн данаға жуығын өсіруді жоспарлауда.

Сонымен қатар, орман орталығында өндірістік орман биотехнологиялық зерттемелері жұмыс істейді, әзірлемелер қалпына келтірілген өсімдіктердіӊ барлық негізгі генетикалық ерекшеліктерін сақтай отырып, вегетативтік көбеюін жылдамдатуына ықпал етеді.

"Бүгінгі күні Тарбағатай, Жоӊғар Алатауы, Қаратау таралымдары алмаларыныӊ, қайыӊдардыӊ (Карель, мамық, жалпақ жапырақты, қара) терек, майда жапырақты жөке және тағы басқа түрлерініӊ тұқымы шығарылған. Өсірілген көшет материалдары мемлекеттік орман қоры аумағында, оныӊ ішінде Астана қаласыныӊ жасыл аймағында пайдаланылады. Ағымдағы жылы көшет материалдарымен "Іле Алатауы", "Бурабай", "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық парктері, "Жасыл аймақ" РМК қамтамасыз етілді", - деді министрлікте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны