08.06.2015, 09:47 3777

Астана Mega сауда үйініӊ төбесіндегі әйнек құлап түсті

Астанадағы Mega сауда ойын-сауық орталығында төтенше жағдай болды. Аяқ астынан төбедегі алып әйнек төменгі қабатқа құлап, 2 адам жарақат алған. Ал кейбір куәгерлер зардап шеккендер саны үшеу болуы мүмкін екенін айтады. Жоғарыдағы мәліметтерді ойын-сауық орталығыныӊ қонақтары Facebook әлеуметтік желісіне жазған

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Астанадағы Mega сауда ойын-сауық орталығында төтенше жағдай болды. Аяқ астынан төбедегі алып әйнек төменгі қабатқа құлап, 2 адам жарақат алған. Ал кейбір куәгерлер зардап шеккендер саны үшеу болуы мүмкін екенін айтады. Жоғарыдағы мәліметтерді ойын-сауық орталығыныӊ қонақтары Facebook әлеуметтік желісіне жазған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біздіӊ түсірілім топ оқиға орнына барғанда экскалатордыӊ айналасы қоршалып, әйнек қалдықтары жинастырылып жатқанын байқады. Бірақ ойын-сауық орталығы басшылары ешқандай ресми ақпарат бермеді, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Қазір Mega маӊайындағы қозғалыс бірқалыпты. Адамдар әдеттегідей лек-легімен сауда ойын-сауық орталығына ағылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны