09.10.2018, 13:01 4405

Астана мектебінде жүректіӊ кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағы өткізіледі

Астана - мектептегі медициналық пункттерде жүректіӊ кенеттен тоқтауы кезінде оқушыларға алғашқы көмек көрсету үшін автоматты дефибрилляторлар орнатылған ТМД көлеміндегі алғашқы қала.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Астана - мектептегі медициналық пункттерде жүректіӊ кенеттен тоқтауы кезінде оқушыларға алғашқы көмек көрсету үшін автоматты дефибрилляторлар орнатылған ТМД көлеміндегі алғашқы қала.

10 қазанда №9 Қалалық емхананыӊ базасында автоматты дефибрилляторды қолданып жүректіӊ кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша 84 мектептіӊ медициналық қызметкері үшін шеберлік сыныбын өткізеді.

Оқу кезінде және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар кенеттен қайтыс болған бірнеше қайғылы оқиғалардан соӊ, Астана қаласыныӊ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық орындарда алғашқы көмек көрсету халықаралық стандарттарына сәйкес "Ақ Жүрек" Қоғамдық қорыныӊ ұсынысымен әрбір мектептіӊ медициналық пунктіне автоматты дефибриллятор орнатып жатыр.

Жалпыға қолжетімді дефибриллятор тұжырымдасы шетелде ғасыр басынан бері табысты қолданысқа енгізілген. Барлық қоғамдық орындарда, оныӊ ішінде оқу орындарында қызметкерлердіӊ немесе кездейсоқ куәгерлердіӊ уақтылы және дұрыс Алғашқы көмек көрсетуіне жағдайлар жасалған.

Қолында автоматты дефибрилляторы бар мектеп медбикесі зардап шеккен оқушыға есінен танған және тыныс алуы тоқтаған сәттен кейін 2 минут ішінде келіп көмек көрсететін болса, жүректі қайта "іске қоса алады".

Американдық жүрек ассоциациясыныӊ статистикасы бойынша 111 мектепке жүректіӊ кенеттен тоқтауыныӊ 1 жағдайы, ал "Хрустальное сердце" қоғамдық ұйымыныӊ деректері бойынша тек Ресейдіӊ өзінде 100 000 тұрғынға кенеттен болған өлімніӊ 3-4 жағдайынан келеді екен. Өткен жылы 211 ресейлік оқушы дене шынықтыру сабақтарында қайтыс болған. Жыл сайын Қазақстанда да мектептер мен ЖОО-да қайғылы жағдайлар орын алады, бұған астаналық № 76, №59 және №44 ОМ-де және республиканыӊ басқа қалаларындағы БАҚ-да жарияланған қайғылы оқиғалар мысал бола алады.

Мектеп адамдар көп шоғырланатын және көп жүретін, шұғыл көмек көрсететін жағдай туындау қатері бар қоғамдық орын болып табылады. Қатерлі жағдайдыӊ нәтижесі зардап шегушіге алғашқы көмектіӊ қаншалықты уақтылы және дұрыс көрсетілгеніне байланысты болады.

Дауысты, мәтінді және көрнекі нұсқаулар, сондай-ақ жалпыға қолжетімді ZOLL AED Plus автоматты дефибрилляторыныӊ жанама жүрек массажыныӊ сапасын бақылау сездіргісініӊ көмегімен мектептіӊ медициналық қызметкері жедел медициналық көмек бригадасыныӊ келуін күтпей ақ, жүрегі тоқтап қалған зардап шегушініӊ тіршілік функцияларын медициналық қызметкерлер келгенге дейін үзбей сақтап тұра алады.

Кеуде қуысын басу тереӊдігі 5-6 см және жаншу жиілігі минутына 100 кем болмауы миға оттегімен қаныққан қанныӊ жетуін қамтамасыз етеді. Бұл кәсіби емес құтқарушыныӊ реанимациялық іс-қимылдарыныӊ нәтижелі болуына оӊ әсер етеді.

Басты шарт-Алғашқы көмек көрсетуді бастау және бірінші разрядты жүрек тоқтаған соӊ екі минуттан кешіктірмей беру. Тек осы жағдайда ғана зардап шегушініӊ өмірін сақтап қалу мүмкін болады. Кері жағдайда, егер Алғашқы көмек кеш немесе дұрыс көрсетілмесе, бас миыныӊ біржола өзгерістері басталып, адам қайтыс болады.

Енді бізде, Қазақстанда да "ИРБІР СЕКУНД ЕСЕПТЕУЛІ" жобасыныӊ арқасында адамдарды құтқару мүмкіндігі бар, өйткені қоғамдық орындарда шетелдіӊ тәжірбие ескеріліп, жүректіӊ кенеттен тоқтауы кезінде тірі қалу мүмкіндігін арттыруға жағдайлар жасалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны