19.08.2016, 19:48 4560

Астана мектептерінде білім беру үрдісін инновациялық басқару іске қосылады

Мұнымен қоса, әкім оқушылар арасында "Ғылымдағы дебют" ғылыми жобалар конкурсы өткізіліп, жеӊімпаздарға әкім гранты табысталатын мәлім етті. Қатысушылар өз жобаларында сәулет пен құрылыс, бағдарламалау, робототехника салаларындағы жаӊалықтарды көрсетуге тиіс, сондай-ақ, конкурсқа биологиялық, географиялық және техникалық салалардағы жобалар қатыса алады.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Астана мектептерінде білім беру үрдісін инновациялық басқару іске қосылады, деді қалалық кеӊесте Астана қаласыныӊ білім беру басқармасыныӊ жетекшісі Қасымхан Сенғазыев.
"Биыл елорда әкімдігі қалалық мектептерде ғылыми және шығармашылық әлеуетті дамытуға ниетті. Балалардыӊ демалысын дұрыс ұйымдастыруға, шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды және қызығушылықтары бойынша факультатив сабақтарды кеӊейтуге баса назар аударылады. Биылдан бастап ғылым мен білім саласындағы үздік креативті жобалар ұсынған бірнеше мектеп оны жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және әдістемелермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Астана мектептерінде білім беру үрдісін инновациялық басқару іске қосылады", - деді ол.
Елорда әкімдігініӊ тапсырмасымен, осы мектептердіӊ аумағында жабық спорт алаӊдары жасалады. Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында қалалық мектептерде оқу жылында балалар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі спорт түрлері бойынша Астана қаласыныӊ Икімі кубогына қалалық спартакиадалар өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, қала басшысы әкім грантымен марапаттау үшін "Б?лім берудіӊ үздік инновациялық ұйымы" қосымша номинациясын бекітуді ұсынды.Мұнымен қоса, әкім оқушылар арасында "Ғылымдағы дебют" ғылыми жобалар конкурсы өткізіліп, жеӊімпаздарға әкім гранты табысталатын мәлім етті. Қатысушылар өз жобаларында сәулет пен құрылыс, бағдарламалау, робототехника салаларындағы жаӊалықтарды көрсетуге тиіс, сондай-ақ, конкурсқа биологиялық, географиялық және техникалық салалардағы жобалар қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны