21.11.2011, 10:38 3479

Астана мен Ақмола облысында ауа райының күрт суытатындығы туралы ескерту жарияланды

Дүйсенбі күні Астана мен Ақмола облысында бұрқасын болатыны туралы дауылдық ескерту тараттылған.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Астана мен Ақмола облысында ауа райының күрт суытатындығы туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, дүйсенбі күні Астана мен Ақмола облысында бұрқасын болатыны туралы дауылдық ескерту тараттылған.

"21 қарашада Ақмола облысында бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 17-22 м/с болады. Астанада 21 қарашада таңертең және күндіз бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 17-22 м/с болады", - делінген метеоқызметтің хабарында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны