24.02.2016, 12:59 3541

Астана мен Алматы әуежайларында электрондық отырғызу талоны енгізіледі

2016 жылдыӊ соӊына дейін Астана мен Алматы әуежайларында тексеруден өткені туралы белгі қоюдыӊ баламалы әдісі - электрондық отырғызу талоны енгізіледі, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ соӊына дейін Астана мен Алматы әуежайларында тексеруден өткені туралы белгі қоюдыӊ баламалы әдісі - электрондық отырғызу талоны енгізіледі, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті электрондық отырғызу талонын енгізу үшін жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау саласындағы нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бастама көтерді. Осы және басқа да мәселелер комитет төрағасыныӊ міндетін атқарушы Талғат Ластаевтыӊ Иуе көлігі халықаралық қауымдастығыныӊ Қазақстан Республикасындағы филиалы және "AirAstana" әуекомпаниясы өкілдерімен кездесуде талқыланды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Аталған әдіс қажетті авиациялық қауіпсіздік деӊгейін сақтауға, интернет арқылы тіркеліп, бірақ рейске келмей қалған жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде рейстердіӊ жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азайтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны