06.12.2012, 16:34 3951

Астана мен Алматыда "сатушы және сатып алушы" кездесулері өтті

Бұл туралы "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана мен Алматыда "сатушы және сатып алушы" кездесулері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Екі қаладағы аталмыш шараға барлығы Беларусь Республикасы мен Қырғызстаннан шамамен 70 бизнесмен, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі саласында жұмыс жасайтын 40 қазақстандық тауар өндірушілер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш кездесулердің мақсаты отандық өндірушілердің өнімін шетелдік елдердің нарығына шығару, қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер арасында тікелей байланыстарды орнату болып табылады. Бизнес-форум үлгісіндегі мұндай диалог алаңдары отандық өндірушілерге Қазақстан шегінен тыс жерлерде өз өнімін өткізетін жаңа нарықтар табуға мүмкіндік береді.

Кездесуде ірі отандық компаниялардың өкілдері өз өнімдерін ұсынды. "Сатушы және сатып алушы" кездесуі аясында Астанада Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы кәсіпкерлерінің арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, "Kazakstan Rubber Recycling" ЖШС мен "PemerkapPartners" арасында резина үгіндісін, озық технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі фракцияларын Минск қаласына жеткізу бойынша келісімге қол жеткізілді. "Ерейментау" агрофирмасы мен "Лида ет комбинаты" ААҚ ет өнімдері саласында ынтымақтастық орнатпақшы және Беларусь Республикасына ет жартылай фабрикаттары мен шұжық тағамдарын экспорттайтын болады.

Алматыда аталмыш кездесулер аясында қазақстандық және қырғызстандық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандум мен келісімдер жасалды. Атап айтқанда, "Алель Агро" ЖШС "Илемнің үздік өнімдері" ЖШҚ-мен Қырғызстан Республикасының территориясына құс етін тасымалдау туралы келісімге келді. "Колобок и Ко" ЖШС мен "Саншайн Глобал Трейд" ЖШҚ Қырғызстан Республикасының территориясына ірімшік тасымалдау туралы келісім жасасты. Сондай-ақ "Азия Агрофуд" АҚ мен "Саншайн Глобал Трейд" ЖШҚ Қырғызстан Республикасына кондитерлік өнімдерді экспорттау туралы келісті. Бұл кездесудің алдын ала қорытындылары ғана.

Биылғы жылдың алғашқы 9 айының қорытындылары бойынша Қазақстан мен Белоруссия арасындағы сауда айналымы шамамен 730 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17%-ға жоғары. Ал Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2012 жылғы сауда айналымы 780 млн. АҚШ долларына жетті. Биылғы жылдың сәуірінде Бішкекте KAZNEX INVEST агенттігінің қамқорлығымен отандық өндірушілердің сауда миссиясы өткізілді, нәтижесінде 20 млн. АҚШ долларынан астам сомаға келісім жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны