26.12.2012, 10:32 2938

Астана мен Алматыда жоғары жылдамдықтағы 4G желісі енгізілді

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру жөніндегі Жалпыұлттық телекөпір шеңберінде Елбасы Астана мен Алматыда жоғары жылдамдықтағы LTE технологиясының төртінші шығарылымын коммерциялық пайдалануды іске қосуға рұқсат берді.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана мен Алматыда жоғары жылдамдықтағы 4G желісі енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру жөніндегі Жалпыұлттық телекөпір шеңберінде Елбасы Астана мен Алматыда жоғары жылдамдықтағы LTE технологиясының төртінші шығарылымын коммерциялық пайдалануды іске қосуға рұқсат берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инновациялық қызметтің мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен танысты.

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, LTE технологиясы тек ТМД елдерінде ғана жаңалық емес, ол барлық елдерде енді ғана өсудің жоғары қарқынын алып келе жатыр деді. Оның Қазақстанда пайда болуы интерактивті қызметті дамытуға және мәліметтерді мобилді жүйе арқылы жоғары жылдамдықпен беру мүмкіндігі есебінен экономиканың барлық салаларында жаңа технологияларды енгізуге серпіліс береді.

Ведомство басшысы келесі жылы бұл қызмет түрі Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе қалаларында, ал 2014 жылдың соңына қарай 4G барлық облыс орталықтарында қосылатынын хабарлады.

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев үстіміздегі жылғы 26 желтоқсаннан бастап Астана және Алматы қалаларындағы 23 сауда орындарында 4G абоненттік терминалының ресми сатылымы басталады деп хабарлады.

Электр байланысының халықаралық одағы мен 4G Alliance LTE технологиясын сымсыз телекоммуникацияны дамытудың келесі және жер беті мәліметтерін беру технологияларымен барабар жылдамдыққа жету мүмкіндігін беретін кезең ретінде қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны