26.12.2007, 19:21 3145

Астана мен Берлин арасындағы тікелей теміржол бағыты жаңғырды

Астана мен Берлин арасындағы тікелей теміржол бағыты жаңғырды

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана мен Берлин арасындағы тікелей теміржол бағытын жаңғыртты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Қазақстан Темір Жолы" АҚ баспасөз қызметінен.

Астана қаласының темір жол бекетінде кеше Астана - Берлин халықаралық бағытындағы вагондардың салтанатты жөнелтілімі өтті.

Ұзақ уақыттан бергі үзілістен кейін (2004 жылдың желтоқсанынан бері) жолаушылар Берлинге дейін тура (басқа вагондарға ауысып отырмастан) баруға мүмкіндік балды. Астана - Киев бағытындағы № 107 поезіне тіркелген вагондар аптасына бір рет, Астанадан сейсенбі сайын, Берлиннен сенбі күні жүретін болады.

Қазақстан Темір Жолы өкілдерінің атап өтуінше, Астана мен Берлин арасында қатынайтын жолаушылар поезінің ұзақ уақыттан бері жүрмей қалуы жолаушылар вагоны еуропалық стандарттарға сай болуға тиіс деген Германияның темір жол талаптарымен түсіндіріледі. Бұл талап әсіресе вагон құрамдарының тежегіш жүйелеріне қатаң қойылған, сондай-ақ вагондар биодәретханалармен жабдықталуға тиіс болатын. Паркте мұндай жолаушылар вагоны болмағандықтан, үш вагонды модернизациялауға шешім қабылданған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны