24.12.2014, 10:25 4077

Астана мен Қызылорда арасында жаӊа жүрдек пойыз қатынайды

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оныӊ ішінде 2 "Бизнес", 2 "Гранд", 14 "Турист", 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ Жаӊа жылдық мерекелер қарсаӊында жолаушылардыӊ сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдыӊ 29 желтоқсанынан бастап "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған "Астана-Қызылорда" бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызын жіберетіні жайлы хабарлайды. Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оныӊ ішінде 2 "Бизнес", 2 "Гранд", 14 "Турист", 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.

Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды. Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды.

2014 жылдыӊ 1 қазанынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын "Тұлпар-Тальго" пойыздарында жол жүруге жеӊілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеӊілдікке ие болады. Оныӊ үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.

Пойыз аттанарға 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін - 35 пайызға дейінгі жеӊілдіктер;

Пойыз аттанарға 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін - 25 пайызға дейінгі жеӊілдіктер;

Пойыз аттанарға 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін - 15 пайызға дейінгі жеӊілдіктер енгізіледі.

Жеӊілдіктер қолданыстағы №69/70 "Алматы-2-Защита" (Өскемен), №19/20 "Астана-Атырау", №87/88 "Ақтөбе-Астана", №79/80 "Астана-Шымкент", №77/78 "Алматы-Атырау", №49/50 "Алматы-Ақтөбе", №35/36 "Алматы-2-Шымкент", №67/68 "Астана-Защита" (Өскемен), №89/90 "Астана-Қызылорда" бағытындағы "Тұлпар-Тальго" пойыздарында енгізіледі.

Айта кетер бір жәйт, 2014 жылғы 16 желтоқсаннан бастап "Тұлпар-Тальго" пойыздарында (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан бөлек) дербес дисконттық карталар енгізілуде. Аталмыш карталар жолаушылардыӊ төмендегі үш санаттарына арналған:

"Жастар" - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеӊілдік көлемі - 10 пайыз, құны 999 тенге;

"Құрмет" - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеӊілдік көлемі - 10 пайыз, құны 999 теӊге;

"Саяхатшы" - "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүрдек пойыздарында соӊғы 12 айда сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін, сапарлардыӊ жалпы бағасы төмендегідей болуы шарт:

- 100 000 теӊгеден 150 000 теӊгеге дейін, жеӊілдік көлемі - 10 пайыз;

- 150 001 теӊгеден 200 000 теӊгеге дейін, жеӊілдік құны - 15 пайыз;

- 200 001 теӊгеден жоғары, жеӊілдік көлемі - 20 пайыз.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны