13.10.2015, 18:39 4354

"Астана" өӊірлік қолбасшылығындағы тактикалық оқу-жаттығу ойдағыдай аяқталды

Бұл оқу-жаттығудыӊ мақсаты қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, шартты қарсыластыӊ шабуылы кезінде бөлімшелердіӊ өзара іс-қимылын пысықтау, әскери қызметшілердіӊ үйлесуін жетілдіру болып табылды.

Астана. 13 Қазан. Kazakhstan Today - "Астана" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері қатысқан тактикалық оқу-жаттығу сәтті аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл оқу-жаттығудыӊ мақсаты қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, шартты қарсыластыӊ шабуылы кезінде бөлімшелердіӊ өзара іс-қимылын пысықтау, әскери қызметшілердіӊ үйлесуін жетілдіру болып табылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған тактикалық оқу-жаттығудыӊ ерекшелігі артиллерия мен жаяу әскердіӊ жауынгерлік машиналарыныӊ бірлескен өзара іс-қимылы болып табылады.

"Оқу-жаттығуға 100-ден астам жеке құрам, 20 жауынгерлік машина қатысты, оныӊ ішінде 4 артиллериялық зеӊбірек", - деді "Астана" ӨӊҚ жауынгерлік даярлық бөлімініӊ бастығы полковник Юрий Асқаров.

Бөлімшелердіӊ үйлесімі кезеӊін пысықтау үшін шартты қарсыластыӊ іс-қимылдарын елестете отырып, жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдай жасалды.

Оқу-жаттығу барысында 31775 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері жауынгерлік ресурстарды және шартты қарсыластыӊ орналасуын айқындау үшін жергілікті жерді зерделеді. Содан кейін осы бөлімніӊ арнайы бөлімшесі операцияны өткізу ауданына негізгі күштерді ауыстыру үшін марш жасады.

Аталған тактикалық оқу-жаттығу әскери қызметшілердіӊ далалық машығын нығайтуға, жауынгерлік әзірлікті шыӊдауға, жеке құрамныӊ нақты өзара іс-әрекетін ұштауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны