"Астана Опера" балеттік труппасы жаӊа Гала-балет бағдарламасын дайындауда
Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Астана Опера" балеттік труппасы жаӊа Гала-балет бағдарламасын дайындауда. Елордалық театрдыӊ жарқыраған әртістер құрамы, сонымен қатар украиндық және беларусьтық театрлардан шақырылған солистер - Эллина Походных және Константин Героник 25 қаӊтарда "Астана Опера" театрыныӊ Үлкен залында өнер көрсетеді.
Балеттік труппаныӊ көркемдік жетекшісі, Ресейдіӊ халық әртісі Алтынай Асылмұратова көрерменді қызықты ойларымен қуантпақшы. Көрерменге М.Петипамен А.Ваганованыӊ еӊ үздік хореографиялық туындылары ұсынылады. Заманауи қойылымдардыӊ әуесқойлары Р. Пети, С. Микель және К. Звереваныӊ шығармашылығын тамашалайды.
Кеш тұсаукесер мен дебютсіз өтпейді. "Астана Опера" театры балетініӊ жетекші солисі, Қазақстанныӊ Еӊбек сіӊірген қайраткері Ийгерім Бекетаева мен "Астана Опера" театры балетініӊ солисті Олжас Тарлановтыӊ орындауында Ж. Перро, Ж. Коралли хореографиясындағы А.Аданныӊ "Жизель" балетінен па-де-дені алғаш рет тамашалауға болады. Таӊдап алынған партиялар әртістердіӊ әдеттегі кейпінен ерекшеленеді, алайда жаӊа бейнелерді іздестіру шығармашылық дамуға мүмкіндік береді.
Елордалық қауымға өзініӊ көрнекті жұмыстарымен таныс ресейлік балетмейстер Ксения Зверева, Гала-балет бағдарламасы үшін арнайы заманауи хореграфиялық номер дайындады. Оны Анастасия Заклинская мен Жәнібек Ахмедиев ұсынады.
-Бұл - екі жастыӊ қарым-қатынасы туралы дуэт. Абстракция формасы жиі қолданылатын қазіргі заманғы хореография, бірін-бірі аӊғармайтын қыз бен жігіт өмір сүретін кеӊістікті паш етеді. Бір мезетте олардыӊ көздері түйіседі де, сол сәттен бастап олардыӊ арасында қарым-қатынас өрбиді. Оныӊ немен аяқталатыны құпия,- деп әӊгімеледі Алтынай Асылмұратова.
Гала-концерт бағдарламасына Астанада өткен III Халықаралық балет әртістері байқауыныӊ (2016) лауреаттары: Константин Героник (Беларусь Республикасыныӊ Ұлттық академиялық Үлкен опера және балет театрыныӊ жетекші сахна шебері) және Эллина Походных (Одесса Ұлттық академиялық опера және балет әртісі) қатысады. Сондай-ақ солисттер арнайы жүлделердіӊ иегерлері атанғанын - "Астана Опера" театрыныӊ сахнасында өтетін Гала концертте өнер көрсетуге құқық беретін сертификаттарға ие болғанын естеріӊізге сала кетейік.Константин Героник "Жалғыздық" нөмерін орындайды.
-Аталған хореографиялық миниатюрада Амон Тобинніӊ керемет музыкасы пайдаланылған, қойылым Сергей Микельдікі. Бұл жалғыз қалған адамныӊ жағдайды өзгертуге амал жасап, одан шығудыӊ жолын іздейтінін жеткізеді. Осы нөмерді мен Беларусь Үлкен театрында және балет әртістерініӊ халықаралық байқауларында бірнеше рет орындадым,-деп әӊгімеледі Константин Героник.
Концертке Қазақстанныӊ Еӊбек сіӊірген қайраткерлері - Мадина Баспаева, Рүстем Сейітбеков, Жандос Иубәкіров, Гауһар Усина, Тайыр Ғатауов, Ийгерім Бекетаева, жетекші солистер - Инел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, солистер - Олжас Тарланов, Анастасия Заклинская және басқа таланты бишілер қатысады.
Екінші бөлімде Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Жандос Иубәкіровтіӊ Одессаныӊ опера және балет театрынан шақырылған солисі Эллина Походныхпен, сонымен қатар "Астана Опера" балетініӊ солистері мен әртістерініӊ орындауында Л.Минкустыӊ, Э.Дельдевездіӊ "Пахита" балетінен Гран-па ұсынылады.
- "Астана Опера" сахнасындағы гала-концертке қатысу мен үшін үлкен құрмет. "Пахита" балетіндегі Гран-па, классикалық балеттіӊ мұрасы болып табылатын еӊ ғажап үлгілердіӊ бірі. Отандық сахнада мен оны бірнеше рет орындадым, бірақ өкінішке орай соӊғы кезде Одессаныӊ опера және балет театрыныӊ репертуарында бұл спектакль өте сирек кездеседі. Мен Қазақстанныӊ Еӊбек сіӊірген қайраткері Жандос Иубәкіровпен бірге дуэт орындау мүмкіндігі туғанына және "Астана Опера" балеттік труппасыныӊ ұжымымен бірге жұмыс жасайтынымада қуаныштымын. Қазақстандық көрерменмен кездесуді асыға күтемін,-деп аяқтады сөзін Эллина Походных.
Концерттіӊ басталуы 19:00, билет бағасы 500 теӊгеден жоғары.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.