01.08.2018, 07:26 4642

"Астана Опера" бесінші театр маусымын тәмамдады

"Астана Опера" театрыныӊ бесінші мерейтойлық маусымыныӊ ауқымды жобалары Елорданыӊ 20 жылдығына арналған еді.

Астана. 1 тамыз. Kazakhstan Today - "Астана Опера" театрыныӊ бесінші мерейтойлық маусымыныӊ ауқымды жобалары Елорданыӊ 20 жылдығына арналған еді. Театр репертуары опера және балет өнерініӊ әлемдік жауһарларымен толықты. Осыныӊ бәрі - Қазақстанныӊ Президенті Н.И.Назарбаевпен бекітілген Мәдени саясат тұжырымдамасын толық көлемде жүзеге асырушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен еліміздегі еӊ ірі театрдыӊ шығармашылық ұжымыныӊ орасан зор күш-жігерініӊ нәтижесі.

Не болды?

Бұл маусымда "Астана Опера" театры 6 ауқымды премьера ұсынды, атап айтқанда - Жорж Бизеніӊ "Кармен" операсы, Адольф Аданныӊ "Корсар" балеті, Джакомо Пуччинидіӊ "Турандот" операсы, Мұқан Төлебаевтыӊ "Біржан - Сара" операсыныӊ жаӊа музыкалық-сахналық редакциясы, Карл Дженкинстыӊ "Shine Astana" салтанатты одасы және Раймондо Ребек пен Ксения Звереваныӊ "Заманауи хореография кеші" орын алды.

Ж.Бизеніӊ "Кармен" операсы қоғамда үлкен резонанс тудырғанын атап өткен жөн: премьераға билеттер аса жылдамдықпен сатылып кеткендіктен, көрермендердіӊ көпшілік сұрауы бойынша "Астана Опера" сатылымныӊ қосымша күнін қойды. Қазіргі таӊда осынау спектакль театр репертуарындағы еӊ кассалық қойылымдардыӊ бірі болып табылады.

Сірә, есте қаларлық ауқымды жобаныӊ бірі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаевтыӊ жүзеге асырған "Shine Astana" іс-шарасы болған шығар. Британ композиторы Карл Дженкинстыӊ музыкасы елорда тұрғындары мен қонақтарын шаттыққа бөледі. Концерттіӊ бірегейлігі - мыӊнан астам музыканттыӊ қатысуында жатыр, атап айтқанда, Қазақстанныӊ барлық аймағынан, сонымен қатар Италия, Австрия, Германия, Голландия, Грекия, Хорватия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген құрама симфониялық оркестрлер мен хорлар, сондай-ақ танымал қазақстандық тенор Медет Шотабаев пен әлемдік жұлдыз - америкалық опера сопраносы Энджел Блу, "Астана Опера" жетекші солистері - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Талғат Мұсабаев пен халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Мейір Байнеш өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, елордалық ұжым осы жылы да ашық аспан астындағы жобаларды жүзеге асыру дәстүрін жалғастырды. Осылайша, қазақ опера өнерініӊ жауһары - М.Төлебаевтыӊ "Біржан - Сара" операсы Бурабай аспаныныӊ астында, Абылай ханныӊ тарихи алаӊында ұсынылды. "Астана Опера" театрыныӊ айтулы опера әртістері қатысқан спектакльге ҚР Президенті Н.И.Назарбаев келді.

Маусымныӊ жарқын қорытындысы атақты Париж ұлттық опера театры балет солистерініӊ гастролі болды. Еуропалық балеттіӊ тамаша әртістері 4 кеш ішінде қазақстандық көрерменге асқан өнер мерекесін сыйлады. Gala de Paris кеӊ ауқымды бағдарламасына әлемдік хореография жауһарлары енді. "Астана Опера" Симфониялық оркестріне маэстро Владимир Ланде (Ресей - АҚШ) жетекшілік етті.

Статистика

Осы кезеӊ ішінде театрға 126 217 көрермен келді.

Гастрольдер

"Астана Опера" театрыныӊ гастрольдер шекарасы жыл сайын арта түсуде. Бесінші маусымда балет труппасы әйгілі итальяндық "Карло Феличе" театрында өнер көрсетті: 2017 жылдыӊ 23 қарашасында генуялық көрермен М.Жаррдыӊ музыкасындағы Р.Петидіӊ "Париж Құдай анасыныӊ соборы" балетін ұсынған "Астана Опера" әртістерініӊ шеберлігіне тәнті болып, ыстық ықыластарын білдірді.

Үздік жетістіктерімізді танытуға бағытталған "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасыныӊ министр Арыстанбек Мұхамедиұлымен ЮНЕСКО-ныӊ штаб-пәтерінде таныстырылған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ құрамдас бөлігі болғаны заӊдылық. "Астана Опера" театры ұлттық мәдени мұраны дәріптеу бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде.

Желтоқсан айыныӊ соӊында Венгрияныӊ астанасы - Будапешт және Печ қалаларында "Астана Опера" труппасы ұсынған концерттік бағдарламалар аншлагпен өтті.

Бұдан өзге, "Астана Опера" театры Қазақстан қалалары бойынша опера және балет спектакльдерін көрсетті. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында елордалық труппа қазақ музыкалық өнерініӊ асқан туындысы - А.Жұбанов пен Л.Хамидидіӊ "Абай" ұлттық классикалық операсын, сонымен қатар ХХ ғасырдыӊ атақты хореографтары Кеннет Макмилланныӊ "Манон" және Ролан Петидіӊ "Париж Құдай анасыныӊ соборы" балеттерін ұсынды.

2018 жылдыӊ мамыр айында "Астана Опера" театры опера труппасыныӊ жетекші солистері мен хоры Қарағандыда өнер көрсетті: Кеншілер мәдениет сарайында маэстро П.Грибановтыӊ жетекшілігіндегі Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктіӊ Симфониялық оркестрімен бірге музыканттар Дж.Пуччинидіӊ "Богема" опера жауһарын орындады.

Қайырымдылық

"Астана Опера" ашылған сәтінен бастап тұрақты түрде қайырымдылық концерттер өткізіп келеді. Бесінші маусымда ұжым жаӊа жылдық қайырымдылық ертеӊгіліктер ұйымдастырды, оларға 110 бала келді. Бұдан бөлек, "Астана Опера" театрыныӊ Камералық залында "Түрлі дауыстар әлемі" қайырымдылық концерті өтті, оны 300 бала тамашалады.

Сонымен қатар "Астана Опера" қабырғасында "Қараӊғыда шырқалатын музыка" атты бірегей қайырымдылық концерт өтті, ол мүмкіндігі шектеулі жастар мәселелеріне көӊіл бөлу мақсатымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ Камералық залда өтетін концерттерге ардагерлер мен мүгедектер шақырылады.

"Астана Операныӊ" балаларға арнауы

Шығармашылық ұжым өскелеӊ ұрпаққа арналған бағдарламаны қалыптастыруға ерекше назар аударады. Мысалы, бесінші маусымда "Астана Опера" мазмұны жағынан бірегей жаӊа жоба - "Театр сабағын" іске қосты. Ол кешкі қойылым жайлы лекциядан, "Астана Операныӊ" сахна сыртына жасалған экскурсиядан және Үлкен залда өтетін опера спектаклін тамашалаудан тұрады.

Сондай-ақ Камералық зал сахнасында бірнеше тұсаукесер орын алды: Тілеуғазы Бейсембектіӊ музыкасына "Самұрық келген таӊ" атты балаларға арналған спектаклі мен Эдвард Григтыӊ музыкасына "Пер Гюнттіӊ саяхаты" концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Айта кетер болсақ, "Астана Опера" балалар театралдық студиясы осы жылы өзініӊ бес жылдығын атап өтті. Көрермендер Е.Брусиловскийдіӊ "Қыз Жібек", М.Төлебаевтыӊ "Біржан - Сара", сондай-ақ Дж.Пуччинидіӊ "Богема", "Тоска", Ж.Бизеніӊ "Кармен" операларынан хор студиясыныӊ тәрбиеленушілерін көре алады. Балет студиясыныӊ жеткіншектері "Дон Кихот" қойылымында аты аӊызға айналған миландық Ла Скала театры әртістерімен, сонымен қатар Мариин театрыныӊ гастролі аясында Рихард Вагнердіӊ "Рейн алтыны" операсында майталмандармен бірге сахнада өнер көрсетті.

Жеӊістер

Театр солистері халықаралық сахнада "Астана Опера" мен Қазақстанныӊ намысын абыроймен қорғады:

Белгілі қазақстандық балет әртісі, "Астана Операныӊ" жетекші солисі, көптеген беделді халықаралық байқаулардыӊ Гран-при лауреаты Бақтияр Адамжан биыл Dance Open (Санкт-Петербор, Ресей) мәртебелі халықаралық балет сыйлығыныӊ "Мистер Виртуозность" аталымы бойынша лауреат атанды.

"Астана Опера" театрыныӊ балет солисі Серік Нақысбеков "Арабеск-2018" (Пермь, Ресей) байқауыныӊ лауреаты атанды.

Керемет әнші-сопрано, "Астана Опера" театрыныӊ солисі, "Құрмет" орденініӊ кавалері, көптеген халықаралық байқаулардыӊ лауреаты Айзада Капонова Италияныӊ Пезаро қаласында өткен Дж.Россинидіӊ XV халықаралық байқауында 1-ші орынды иеленіп, жарқын жеӊіске қол жеткізді.

Марапаттар

Иртістердіӊ еӊбегі жоғары бағаланып, түрлі марапаттармен еленуде. Тәуелсіздік күні қарсаӊында "Астана Операныӊ" жетекші балет солисі Бақтияр Адамжан мен опера труппасыныӊ солисі Мария Мудряк 2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығыныӊ лауреаты болды. Бақтияр Адамжан "Театр және кино", Мария Мудряк "Классикалық музыка" аталымы бойынша "Дарын" сыйлығын иеленді.

Вокалистер Сүндет Байғожин мен Айзада Капонованыӊ жарқын марапаттарыныӊ тізімі ғылым және мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін берілген Құрмет орденімен толықты.

Қаӊтар айында "Астана Опера" театрыныӊ жетекші солисі Медет Шотабаев Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Мемлекеттік сыйлығын алды. Ал наурыз айында Медет Шотабаев тағы бір марапатқа - Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Италия Жұлдызы Орденіне ие болды. Бұл сыйлықтыӊ жарты ғасырлық тарихы бар, осы жылдар ішінде әнші командор дәрежесіне лайық деп танылған алғашқы қазақстандық еді.

Ал келесі жетекші солистер "Сахнагер" ұлттық театр сыйлығын алды: Сүндет Байғожин "Үздік опера солисі" аталымында лауреат атанса, Мәдина Басбаева "Үздік балет әртісі" атағына иеленді.

Атақты дирижер Зубин Мета мен әлемге әйгілі сценограф Эцио Фриджерио қазақстандық өнердіӊ дамуына зор үлес қосты. Олар өнерге баға жетпес еӊбек сіӊірді және осындай деӊгейдегі тұлғалармен жұмыс жасау жас театр үшін үлкен құрмет.

14 наурызда Лос-Анджелесте (АҚШ) жер жүзіндегі еӊ атақты музыкант Зубин Метаға Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік сыйлығы - ІІ дәрежелі "Достық" ордені ұсынылды. Ал 23 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Астана Опера" театрында заманымыздыӊ көрнекті сценографтарыныӊ бірі Эцио Фриджерионы еліміздіӊ мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Ынтымақтастық

"Астана Опера" театры әлем бойынша шығармашылық ұжымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осы маусымныӊ маӊызды оқиғаларыныӊ бірі - Ла Скала театры академиясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы.

"Астана Опера" сахнасында бесінші маусым аясында Давиде Ливермор, Раймондо Ребек, Ксения Зверева, Камен Чанев, Энджел Блу, Сэ Ын Пак және т.б. танымал тұлғалар қызмет етті.

Беларусь Үлкен театрыныӊ бас дирижері, Украинаныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Виктор Плоскина Дж.Вердидіӊ "Травиата" спектаклінде "Астана Опера" Симфониялық оркестріне дирижерлік етті. Аты әлемге әйгілі француз аккордеоншысы әрі композиторы Ришар Гальяно алғаш рет "Астана Операныӊ" Камералық залында "Музыка мерекесі" атты концерт ұсынды.

Керемет қазақстандық әртіс, халықаралық байқаулардыӊ көптеген гран-при иегері, "Астана Операныӊ" жетекші солисі Бақтияр Адамжан Мемлекеттік Кремль Сарайында (Ресей, Мәскеу) өнер көрсетті. "ҚОЛТАӉБА мен БЕДЕЛ" жобасыныӊ аясында аты аӊызға айналған әртіс Рудольф Нуреевтіӊ құрметіне орай шебер биші әрі балетмейстердіӊ 80-жылдығына "Рудольф Нуреев. Өткеннен болашаққа" атты әлемдік балет жұлдыздарыныӊ гала-концерті ұсынылды.

"Астана Опера" театрында тұрақты түрде әртістерге арналған шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады. Есте қалғандардыӊ бірі - дүние жүзінде сұранысқа ие француз педагог-балетмейстері Янник Бокуин мен әлемге танылған балет әртісі, педагог әрі хореограф Ирек Мухамедовтыӊ бірегей әдістеме бойынша балет труппасына өткізілген сабақтары.

Алдағы жоспар қандай?

"Астана Опера" театралдық маусым арасында елорда тұрғындары мен қонақтарына Камералық залдыӊ қанық бағдарламасын ұсынады. Алтыншы театр маусымы ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ соӊында басталмақ. Оныӊ жарқын әрі есте қаларлықтай болып өтері анық. Көрермен қауымды ұлттық әрі әлемдік опера және балет классикасы жауһарларыныӊ тұсаукесерлері күтуде. Алтыншы маусымныӊ еӊ көп күтілетін тұсаукесері қазан айында орын алмақ. Тыӊдармандар үшін Джоаккино Россинидіӊ әлем бойынша мыӊдаған рет қойылуына себеп болған шапшаӊдық әрі музыкалық әзіл-оспақтығымен ерекшеленетін "Севильдік шаштараз" операсы дайындалуда.

Театр репертуары Т.Қажығалиевтыӊ "Қозы-Көрпеш - Баян-Сұлу" ұлттық балетімен толықпақ. Музыкалық материал Тілес Қажығалиевтыӊ "Дала аӊызы" атты аяқталмаған балеті мен композитордыӊ өзге де шығармаларыныӊ үйлесіммен біріктірілген үзінділерінен құралған. Жас ғашықтардыӊ қайғылы махаббаты жайлы ескі аӊыз сюжетке арқау болған. Ийгілі дирижер В.А.Гергиевтіӊ айтуынша, бұл заманауи қазақ музыкасы мен хореография өнерініӊ бетке ұстар туындысы болуға лайық.

Сонымен қатар көрермендерді П.И.Чайковскийдіӊ "Евгений Онегин" операсы күтуде. Бар әлем тыӊдармандарын Пушкинныӊ "өлеӊмен жазылған романыныӊ" керемет музыкамен берілген интерпретациясы таӊғалдыруда.

Сөйтіп, "Астана Опера" театрыныӊ афишасы ұмытылмас қойылымдармен ұсынылған. Елордалық театрдыӊ есігі әрбір жанға айқара ашық. Спектакльдер мен концерттер өнер сүйер қауымды асқақ өнердіӊ сиқырлы әрі баурап алар әлеміне жетелеп, адам сенгісіз эмоциялар мен көтеріӊкі көӊіл-күй сыйламақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны